Сырдария ауданы (Қызылорда облысы)

Қызылорда облысының орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік From Wikipedia, the free encyclopedia

Сырдария ауданы (Қызылорда облысы)
Remove ads

Сырдария ауданыҚызылорда облысының орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1938 жылы құрылған. Жер аумағы 39,1 мың км². Орталығы – Тереңөзек кенті.

Quick facts Әкімшілігі, Облысы ...
 Басқа мағыналар үшін Сырдария ауданы деген бетті қараңыз.
Remove ads

Географиялық орны, жер бедері

Аудан солтүстігінде Ұлытау облысы Ұлытау ауданымен, батысында Жалағаш ауданымен, оңтүстігінде Өзбекстанмен, шығысы мен оңтүстік-шығысында Шиелі ауданымен, Қызылорда қаласымен және Түркістан облысы Созақ ауданымен шектеседі. Жер бедері негізі жазық, оңтүстігінде Қызылқұм құмы жатыр, солтүстігі тақыр. Топырағы құмдауытты, сортаң болып келеді. Өсімдіктерден жусан, бетеге, жыңғыл, тал, тораңғы, қамыс өседі. Жануарлардан қасқыр, қоян, қарсақ, сарышұнақ, қосаяқ, күзен мекендейді. Құстардан: бүркіт, қаршыға, қырғауыл, қаз, үйрек.

Remove ads

Халқы

More information 1989[3], 2009[4] ...

Тұрғындар саны – 38 841 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 98,36%, орыстар – 0,82%, басқа ұлт өкілдері – 0,83%.

Әкімшілік бөлінісі

14 елді мекен 1 кенттік әкімдік пен 13 ауылдық округке біріктірілген:

Ауыл шаруашылығы

Ауданның негізгі шаруашылық саласы: егін және мал, құс шаруашылықтары. Мал шаруашылығының ірі қара мал өсіруде үлкен көрстекіштер көресетеді. Құмкөл мұнай өндіру кеніші бар.

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads