Сьюзен Полгар

From Wikipedia, the free encyclopedia

Сьюзен Полгар
Remove ads

Сьюзен (Жужа) Полгар (ағылш. Susan Polgar, туылған кезіндегі аты — маж. Polgár Zsuzsa; 19 сәуір 1969, Будапешт, Венгрия) — мажарлық және американдық шахматист, ерлер мен әйелдер арасындағы халықаралық дәрежедегі гроссмейстер, шахматтан әйелдер арасындағы әлем чемпионы (1996 — 99). ФИДЕ-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2004) [1]Ол 12 жасында 16 жасар қыздар арасындағы жарысқа қатысып, Венгрияның чемпионы атанды. 1981 ж. Варна қаласында өткен халақаралық турнирде бас жүлдені еншіледі. 1986 ж. ерлер арасындағы Венгрия чемпионатында қола жүлдені жеңіп алды. Ол сіңлілері София, Юдит және замандасы Ильдико Мадлмен бірге 1988, 1990 жылдардағы бүкіләлемдік шахмат олимпиадаларында алтыннан алқа тақты. 1994 ж. Тилоргте әлем чемпиондығына үміткерлер турнирінің қорытындысында Полгар М.Чибурданидземен 1 — 2 орынды бөлісті. Осы екі шахматшы арасындағы қосымша матчта 5,5:1,5 есебімен Полгар жеңді. Сөйтіп венгр қызы әлем чемпионы қытайлық Се Цзюнмен 1996 ж. Испанияның Хаэн қаласында кездесті. Бұл матчта 8,5:4,5 есебімен жеңіске жеткен Полгар әлем чемпионы атанды.

Quick Facts Мемлекеттер, Туған күні ...
Thumb
Жужа Полгар
Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads