Сәлде
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Сәлде (араб.: عمامة, парсы: دولبند, dulband) — әлемнің көп елдерінде таралған бас киім. Ұлтқа, ұстанған дінге, мәдениетке байланысты сәлденің де түр-түсі жерден жерге өзгере береді. Үлкен сәлде киюмен танымал сикхалардың сәлделерінің ұзындығы 5 метрден 7 метрге шейін жетеді. Сонымен қатар туарегтердің де сәлделері оларға тән айырмашылық ретінде танымал. Сол сияқты Ислам дінін ұстанатын адамдар да сәлдені бас киім ретінде қолданып, оның түр-түсі олардың мазһабтары мен көздеген мақсаттарына байланысты әртүрлі боп келеді.

Шииттерде сәлде екіге бөлінеді:
- жәй адамдар, дін қызметкерлері мен білім ізденушілер киетін ақ түсті сәлде.
- шыққан тегі Мұхаммед пайғамбардан ﷺ тарайтын сәийдтер (қожалар) киетін қара түсті сәлде.
Әл-Азһар университетінің ғалымдары сәлдені қызыл түсті фесканың үстінен орап қолданады. Таяу Шығыста сәлде Еуропа монархтарының тәждері сияқты әмірлер мен патшалардың мәртебесін көрсететін қызмет атқарған.
Remove ads
Тағы қараңыз
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads