Текес (өзен)

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Текес өзеніІле алабындағы өзен.

 Басқа мағыналар үшін Текес (айрық) деген бетті қараңыз.
Quick facts Текес өзені, Сипаттамасы ...
Remove ads

Бастауы

Теріскей Алатауының солтүстік-шығыс сілеміндегі Қопыл тау массивінен басталып, Қытай жеріндегі Қарабура ауылының тұсында Іле өзеніне құяды. Теріскей Алатауы баурайында екі аттас қайнар көзі – сол және оң Текес орналасқан. Өзенге Қазақстан аумағында 10 ағын құйылады. Олардың ең ірілері - Орта-Көкпақ, Үлкен-Көкпек және Баянкөл.

Географиялық орны

Алматы облысының Райымбек ауданы мен Қытай жерінде. Текес ауылынан төмен жасанды су қоймасы, су торабы және ГЭС бар.

Гидрологиясы

Жалпы ұзындығы 438 км, оның 218 км-і Қазақстан аумағы арқылы ағып өтеді. Су жиналатын алабы 28100 км2. Аңғары жоғары бөлігінде тар, терең шатқалмен ағады, төменгі ағысы жазықпен ағып, арнасы мемлекеттік шекараға дейін кеңейеді. Орташа су ағымы Текес тұсында 9,02 м2/с.[1]

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads