Тереза Мэй
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Тереза Мэй (ағылш. Theresa Mary May, бикештік кезінде Брейзер (Brasier); 1 қазан 1956, Истборн, Шығыс Суссекс, Ұлыбритания) — британдық саясаткер, ішкі істер министрі (2010—б.к.), әйелдер және тең құқықтық істер министрі (2010—2012), Қауымдар палатасының мүшесі (1997—б.к.), Консервативті партиясының мүшесі.
Remove ads
Өмірбаяны
География бакалавры дәрежесінде Оксфорд университетін тәмамдаді. Англия банкінде және Лондонның өзін-өзі басқару органдарында жұмыс атқарды.
North West Durham округінде 1992 жылдың парламенттік сайлауына және Barking округінде 1994 жылдың кезектен тыс сайлауына қатысқан, бірақ сәтсіз.
1997 жылдың сайлауында Беркширдегі Мэйденхэд жаңа сайлау округінен Британ парламентіне катысты Қауымдар палатасының мүшесі ретінде бірінші рет сайланып, сол жылдан бастап үнемі қайта сайланады.
1997—2002 жылдар аралығында консерваторлардың көлеңкелі үкіметінде екінші дәрежедегі қызметтер атқарған. 2002 жылы Консервативті партияның алғашқы[1] әйел-төрағасы ретінде сайланды және партия көшбасшынымен салыстырғанда, консерваторлардың жұмыс атқаруын қамтамасыз ететін техникалық мәселелермен айналысты.
2003—2005 жылдар аралығында көлеңкелі транспорт министрінің және көлеңкелі азық-түлік және экология министрінің міндеттерін орындаған. 2005 жылдың мамырынан желтоқсан айына дейін мәдениет, БАҚ және спорт көлеңкелі министрі болған. көлеңкелі. 2005 жылдың 6 желтоқсанында Қауымдар палатасының көлеңкелі көшбасшысы ретінде тағайындалды. 2009—2010 жылдар аралығында еңбек және зейнетақы көлеңкелі министрі қызметінде болған.
2016 жылдың 5 шілдесінде, Консервативті партияның парламентарий-консерваторлар көшбасшылары сайлаындағы бірінші кезеңнен кейін Тереза Мэй 165 дауыс жинап, жеңіске алғашқы үміткер ретінде атанды.[2]. Ал 7 шілдеде, британ консерваторларының басшысы және ел премьер-министрі орынын иеленуге ұйымдастырылған бәйгенің финалына екі әйел шықты — Тереза Мэй, 199 парламентарийдің қолдауына ие болды, және 84 дауыс жинаған энергетика министрінің орынбасары Андреа Ледсом.
2016 жылдың 11 шілдесінде Ледсом өз кампаниясын аяқтағаннан кейін, Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон Тереза Мэйді өзінің ізбасары ретінде жариялап, өз өкілеттілігін 13 шілде күні Мэйге тапысратынын айтты. Осылайша, Тереза Мэй Ұлыбритания тарихындағы Маргарет Тэтчерден кейінгі премьер-министр қызметін атқаратын екінші әйел.
Remove ads
Жеке өмірі
Тұрмыста 1980-ші жылдан бастап, жұбайы — Филип Джон Мэй, 2016 жылдан бастап Capital Group Companies компаниясының қызметкері. Балалары жоқ.
2012 жылдың қарашасында Тереза Мэй қант диабетінің 1-ші типімен ауыратыны анықталды. Ол инсулин инъекцияларымен емделіп жүр.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads