Теректі ауданы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Теректі ауданы — Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан аудан. Аудан Батыс Қазақстан облысы құрамында 1933 жылы құрылды. Әкімшілік орталығы - Теректі ауылы, Орал қаласынан 46 км жерде орналасқан. Ауданның аумағы - 8,0 мың шаршы км., Батыс Қазақстан аумағының 5.6 % бөлігін құрайды.
Remove ads
Географиялық орны, топырағы
Аудан Жайық өзенінің сол жағалауында орналасқан. Аудан солтүстігінде Жайық өзенімен, батысында Бәйтерек ауданымен және Орал қаласымен, шығысында Бөрлі, Сырым және оңтүстігінде Ақжайық аудандарымен шектеседі. Топырақ - климат қорын және ауыл шаруашылығының бәсекеге төтеп беретін жағдайын есепке ала отырып аудан аумағы екі табиғаттық - экономикалық кеңістікке бөлінген: ауыл шаруашылық кеңістік - далалық дәнді дақылдық - мал шаруашылығы (ауданның солтүстік бөлігі,онда бонитет балы 20 дан 36 ға дейін қара - каштанды және каштанды топырақ таралған); ауылшаруашылдық кеңістік - сырталды, малшаруашылық - дәнді дақылдар аумағы (ауданның оңтүстік бөлігі, онда бонитет балы 16 дан 28 ге дейін болатын ақшыл - каштанды топырақ таралған).
Аудан аумағында Батыс Қазақстан облысындағы ең үлкен Шалқар көлі (360 ш.км.) орналасқан.
Remove ads
Халқы
Халқының саны 2019 жылы 38 086 адамды құрады. Ұлттық құрамы: қазақтар — 81,85%, орыстар – 12,31%, басқалары — 5,84%.
Әкімшілік бөлінісі
49 елді мекен 15 ауылдық округке біріктірілген:
Ірі елді мекендері
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads