Тимо Вернер
неміс футболшысы From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Тимо Вернер (нем. Timo Werner; 6 наурыз 1996, Штутгарт, Германия) — неміс футболшысы, "РБ Лейпциг" клубы мен Германия Ұлттық футбол құрамасының шабуылшысы.
Remove ads
Карьерасы
2013 жылы "Штутгарт" сапында кәсіби карьерасын бастады. Сол жылы Еурокубоктарға қатысып, еурокубок ойындарында алаңға шыққан тарихтағы ең жас ойыншы атанды. Артынша гол соғып, "Штутгарт" тарихындағы еурокубоктерде гол соққан ең жас ойыншы боп тіркелді. "Штутгарт" сапында 100-ден аса ойын өткізіп, 2016 жылы "РБ Лейпциг" сапына өтті. Сондай-ақ Тимо Вернер неміс лигасында 100-ден аса ойын өткізген ең жас ойыншы.
Германияның бірнеше жастағы құрамасында ойнап, 2017 жылы негізгі құрамаға шақыртылды. 2017 жылы Ресейдегі Конфедерациялар кубогына қатысып, турнир қорытындысында "Алтын бутсыны" жеңіп алды. Вернер бір жылдан соң әлем чемпионатына қатысты, бірақ құрама топтан шыға алмады.
Тимо Вернер анасының тегіне жазылған, әкесі — Гюнтер Шу да кәсіпқой футболшы болған.
Remove ads
Жетістіктері
- «РБ Лейпциг»
- Германия чемпионатының күміс жүлдегері: 2016/17
- Германия
- 17 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 2012
- Конфедерациялар кубогы: 2017
- Германия жастар командасының үздік мергені (Оңт./Оңт.Шығыс дивизионы): 2013
- Фриц Вальтер медалінің иегері (17 жасқа дейінгі ойыншылар арасында): 2013
- Фрица Вальтер күміс медалінің иегері (19 жасқа дейінгі ойыншылар арасында): 2015
- Конфедерациялар кубогындағы "Алтын бутсы": 2017
- Еуропа Лигасындағы "жыл командасы": 2017/18
Дереккөздер
Сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads