Тим Бернерс-Ли

From Wikipedia, the free encyclopedia

Тим Бернерс-Ли
Remove ads

Тимоти Джон Бернерс-Ли (ағылш. Sir Timothy John«Tim» Berners-Lee; 8 маусым 1955) — танымал британ ғалымы және URI, URL, HTTP, HTML авторы, ғаламторды Роберт Кайо-мен бірге ойлап тапқан.



Quick Facts ПендеТим Бернерс-Ли OM, KBE, FRS, FREng, FRSA, Дүниеге келгені: ...
Remove ads

Өмірбаяны

Тим Бернерс-Ли Лондон қаласында дүниеге келген. Оның ата-аналары Конвэй Бернерс-Ли мен Мэри Ли Вудс, екеуі де математик болған және алғаш компьютерлердің бірі "Manchester Mark I" жобасына тер төккен.

  • Тим Вэндсворд қаласындағы Эмануэль мектебінде оқыды, одан кейін Оксфорд-тағы Королевский колледжінде білім алды. Сол жерде ол өзінің бірінші компьютерін құрастырды, процессордың базасында M6800 және монитордың орнына теледидар қолданды. Бір рет Тим мен оның досы хакерлікпен айналысқаны үшін ұсталған, бұл үшін оларға университеттің компьютерін пайдалануға тыйым салған еді.
  • 1976 жылы университетті бітірген соң "Plessey Telecommunications Ltd" компаниясына жұмысқа кіреді. Ол жерде екі-ақ жыл істейді.
  • 1978 жылы "D.G. Nash Ltd" компаниясында жұмыс істей бастайды. Ол жерде принтерлердің бағдарламасымен айналысады және көпфункцияналды жүйені ойлап табады.
  • Одан кейін бір жарым жыл CERN ядролық зертханасында (Женева, Швейцария) бағдарламалық жабдықтау жағынан консультант болып жұмыс істейді. Дәл сол жерде ол ғаламторға септігін тигізген "Энквайр" (ағылш. "Enquire") бағдарламасын жазады.
  • 1981-1984 жылдары "Image Computer Systems Ltd" компаниясында жүйелік архитектор болып жұмыс істейді.
  • 1984 жылы CERN-нен стипендия алады.
  • 1989 жылы CERN-де жұмыс істей отырып, ауқымды гипермәтінді жобаны ұсынады (қазіргі ғаламтор). Жоба қабылданып іске асырылған еді.
  • 1991-1993 жылдарда Тим Бернерс-Ли ғаламтормен жұмыс жасауды жалғастырады. Сол кезде ол алғаш рет URI, HTTP және HTML жобасын ашық талқылауға ұсынады.
Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads