Тирания

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Тирания - мемлекеттік құрылымның заңсыздық пен зорлық-зомбылық үстемдік еткен ең нашар түрі. Тирания - [ гр. tyrannia ] - Ежелгі Грекияда әдетте күш қолдану арқылы орнатылған, тиранның бір өзі билеп-төстеуіне негізделген билік және басқару түрі. Тирания б.д.д. VII-VI ғасырларда текті ақсүйектер мен дамып келе жатқан демос арасындағы күрес нәтижесінде пайда болды. Тиран қоғамның қалыпты өмір сүруі үшін бір-бірімен бітіспес қайшылықтағы күштерді ымыраластыру қажеттігінен туындады. Көпшілік тирандардың әлеуметтік және саяси, қоғамдық реформалары демостың жағдайын түзеуге, жақсартуға бағытталды. Қазіргі қолданыстағы "тирания" ұғымы ауыспалы мағынасында, деспотияға негізделген басқаруды білдіреді.[1]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads