Тифлопсихология

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Тифлопсихология (гр. typlos — соқыр және психология) — соқыр және нашар көретін адамдардың психикалық дамуын, оқыту мен тәрбиелеу кезінде оны түзеудің жолдары мен әдістерін зерттейтін арнаулы психология саласы. Тифлопсихология көру қабылдауының кемістіктерінің есесін басқа анализаторлардың (есту мен сипап сезу) есебінен толықтыру мүмкіндіктерін зерделейді, көз көруімен не нашар көруімен байланысты ақпарат тапшылығы жағдайындағы қабылдаудың, жад пен ойлаудың психикалық ерекшеліктерін зерттейді. Тифлопсихологияның айрықша бір бөлігі соқыр, керең, мылқау адамдар психологиясын зерттейді. Тифлопсихология мәліметтерін пайдалану арқылы соқыр және көзі нашар көретін адамдарды оқыту, тәрбиелеу және олардың еңбек қызметі процестері ғылыми негізде құрылады.[1]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads