Томас Вермален

From Wikipedia, the free encyclopedia

Томас Вермален
Remove ads

Томас Вермален (нидер. Thomas Vermaelen); 1985 жылы 14 қарашада Капеллен қаласында туған — бельгиялық футболшы, қорғаушы.. Сол аяғымен ойнатындықтан, жиі сол-жақты орталық қорғаушы болып ойнайды, сол жақ қорғаушы болып та ойнай алады. Баспен жақсы ойнайды, лидерлық таланттарымен таңымал, доппен тез қимылдайды. Қорғаушы болса да жиі гол соғады. Голландша және ағылшынша біледі.

Quick facts Жалпы мағлұмат, Лақап аттары ...
Remove ads

Мансабы

Клубтық

Вермален орталық қорғаушыға денесі шымыр болмаса да өзінің мансабын бельгиялық Жерминаль Экерен клубында бастайды, клуб аты кейіннен Жерминаль Беерсхот болып өзгереді.

Thumb
Вермален Аякс клубында, 2000 - 2009.

Вермален нидерландық Аякс клубының академиясына түседі. Өзінің кәсіпқой дебютін 2004 жылдың 15 ақпанында Волендам клубына қарсы ойында жасайды (2-0). Алайда, бұл сол маусымда Eredivisie чемпионатын жеңген Аякс сапында ойнаған жалғыз ойыны болды. Ол 2004-05 маусымында жалгерлікке Waalwijk клубына жіберілді. Клубтың бірінші командасының ойыншысы болмаса да 13 ойын ойнап, 3 гол соғады.

Айтарлық жетістікке Аяксқа қайта оралып KNVB Кубогын жеңгенде жетеді. Көрсеткен сапалы ойыны арқасында Бельгия құрамасына шақырылады. Аякс Йохан Кройф Кубогын жеңіп, келесі жылы тағы бір KNVB Кубогын алады. 2007 жылы Йохан Кройф Кубогын екінші жыл жеңіп алады.[2] Аякс Академиясын бірге бітірген Джон Хейтингамен достық қарым-қатынас құрады, Хейтинга Испанияға кеткен сон Ян Вертонгенмен жақсы дос болады. Клаас-Ян Хунтелаар кетуімен 2008-2009 маусымының сонында Аякс капитан қызметін атқарды. Көбінесе сол жақ қорғаушы болып өнер көрсетті.

Thumb
Вермален Луис Суареске қарсы

2009 жылдың 19 шілдесінде Томас Вермален Аякстен Арсеналға 4 жылдық келісімге қол қойып, €10 миллион еуроға көшеді (кейіннен 12 миллионға өсті).[3][4]

Ағылшын Премьер-Лигасының бірінші ойынында Робин ван Перси пасынан кейін, Эвертонға қарсы ойынының 37 минутында өзінің бірінші голын соғады (BBC бойынша тур құрамасына кірді).[5] и Sky Sports[6] Томас Арсенал жанкүйерлері шешімі бойынша тамыз және қырқүйектің үздік ойыншысы болып атанды.[7] Маусым нәтижесі бойынша Вермален АПЛ символдық құрамасына еңді.

Робин ва Персидің Манчестер Юнайтедке кетуінен кейін "Арсенал" капитаны боп тағайындалды.

2014-19 жылдары "Барелонада" ойнады. 2016 жылы "Ромаға" бір жылға жалға берілді.

2019 жылы шілдеде "Виссел Кобеге" ауысты.

2021 жылы Еуропа чемпионатынан соң футболдағы мансабын аяқтады.

Remove ads

Құрама

Бельгия құрамасы сатысында 2006 жылдың 1 наурызында Люксембург командасына қарсы ойында дебютін жасады. 2014, 2018 жылдары әлем чемпионатына, 2016, 2020 жылдары Еуропа чемпионатына қатысты.

2008 жылғы Жазғы Олимпиадада жартылай финалға жетті.

Жетістіктері

Командалық

«Аякс»
  • Нидерланд чемпионы: 2003/04
  • Нидерланд кубогы (2): 2005/06, 2006/07
  • Нидерланд суперкубогы (2): 2006, 2007
«Арсенал»
  • Англия кубогы: 2013/14
«Барселона»
  • Испания чемпионы (4): 2014/15, 2015/16, 2017/18, 2018/19
  • Испания кубогы (3): 2014/15, 2015/16, 2017/18
  • УЕФА Чемпиондар Лигасы: 2014/15
  • УЕФА суперкубогы: 2015
  • Клубтар әлем чемпионаты: 2015

Сілтемелер

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads