Топаз

From Wikipedia, the free encyclopedia

Топаз
Remove ads

Топаз (гр. topazos – Қызыл теңіздегі аралдың атауы) – силикаттар класына жататын минерал. Хим. формуласы: Al2[SіO4](F,OH)2; құрамы (%-бен): Al2O3 – 62 – 48,2, SіO2 – 39 – 28,2, F – 13 – 20,4, H2O – 2,45; қоспалары: Fe2+, Fe3+, Cr, Mg, Tі, V, Ge. Ромбылық сингонияда кристалданып, кристалдары призма пішінді, агрегаттары әдемі друзалы, түйірлі тығыз масса түрінде болып келеді. Кристалдық құрылымының негізінде фтор, оттек атомдарынан тұратын төрт қабатты тығыз түйіннің октаэдрлік қуысында Аl атомдары, тетраэдрлікте Sі орналасқан болып келеді. Кристалдары қысқа бағаналы, призма пішінді қырлары өте көп, ең үлкені 120 кг. Түссіз, ашық көк, күлгін, сары, қызғылт сары, алқызыл, көбінесе мөлдір; жіктілігі жетілген, шыныдай жылтыр, қатт. 8, тығызд. 3,5 г/м3.


Quick Facts Topaz, Негізгі мәліметтер ...
Thumb
Топаз

Топаз пневматолит және пегматит желілерінде кварц, дала шпаты, слюда, касситерит, турмалин, берилл, шеелит, т.б. грейзен құрамына кіретін минералдармен бірге кездеседі.[5] Топаздың түссіз мөлдір және бояуы әдемі кристалдары 2 – 3-класты асыл тастар ретінде зергерлік бұйымдар жасауда қолданылады. Қрі кен орындары Украинада (Волынь), Оралда, Байкал сыртында, Бразилияда, Жапонияда, Мадагаскарда, т.б. аймақтарда орналасқан.[6]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads