Торреон

From Wikipedia, the free encyclopedia

Торреон
Remove ads

Торреон (исп. Torreón) — солтүстік Мексиканың Коауила штатындағы қала.

Quick facts Әкімшілігі, Ел ...

Қаланың негізі 1893 жылдың 25 қыркүйегінде қаланған. Коауила шет аймағының оңтүстік-батысында, Дуранго штатының шекарасында орналасқан. Муниципалитеттің аумағы — 1947,7 кв.км., биіктігі — 1000 м. Температура қаңтар айында 0°С-ға дейін төмендесе, шілдеде +43 °C-ға дейін көтеріледі.

Торреон муниципалитетінің халық саны — 577477 адам, оның ішіндегі 548723 адам қаланың шетінде өмір сүреді[1]. Торреон қаласының халық саны Матаморос, Гомес Паласио, Лердо қала маңы аймақтарымен қоса алғанда 1,1 млн адамды құрайды. Бұл Торреон қала агломерациясын Мексикада үлкендігі бойынша тоғызыншы орынға қояды. 

Торреонда мемлекет бойынша сапарлар және АҚШ-пен халықаралық байланыс жасалатын Франсиско Сарабиа халықаралық әуежайы орналасқан.

Қалада атақты «Сантос Лагуна» футбол командасы, бейсбол және баскетбол бойынша жоғары лигадағы — «Лос Вакерос» пен «Лос Альгодонерос» командалары негізденеді.

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads