Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров
алғашқы қазақ–кеңес ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (27 шілде 1946 жыл, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан) — Қазақтың тұңғыш ғарышкері, әскери ұшқыш, техника ғылымдарының докторы (1998), профессор (1997), Кеңес Одағының еңбек сіңірген ұшқыш-сынақшысы (1990), авиация генерал-майоры (1992), Кеңес Одағының батыры (1988), ҚР Халық Қаһарманы (1995). Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері (Волейболдан 1-санат).
1991 жылы 2 қазанда экипаж командирі Александр Волков және австриялық ғарышкер Франц Фибекпен бірге «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ұшты[1]. Кеңес Одағының 72-ші ғарышкері (ең соңғы).
Кеңестік 50 әскери ұшақтың тұсауын кескен атақты сынақшы-ұшқыш. Әскери авиациядағы айрықша жетістігі үшін Гиннестің рекордтар кітабына және Дүниежүзілік авиация мұражайына енген.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.[2] Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Құрметті профессоры (2022).
Remove ads
Өмірбаяны
1946 жылы маусымның 27-інде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, «1-інші май» ұжымшарында дүниеге келген.
Cоғыс жаңа бітіп, батырлықты, ерлікті уағыздаған уақыт болатын. Әкесі Оңғарбай мен шешесі Қамия көзге көрініп, көз жұмған 9 ұлдан кейінгі перзентіне «енді осы жаманымыз аман болсыншы» деген ниетпен азан шақырып, Тоқтар есімін беріпті. Ата-анасы ерте дүние салды. Кішкентайынан Тоқтар бұйығы, оқшау өсті. Ол апасы Бикен мен жездесі Нығметтің тәрбиесінде болды.
Орта мектептің 8 сыныбын аяқтағаннан кейін Теміртау құйма-механикалық зауытында токарь болып жұмыс істеді, сонымен қатар кешкі мектепте білім алды. 1965 жылы орта мектепті тәмамдаған соң, Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесіне ӘҚК түсті. 1976 жылы ұшқыш-сынақшылар мектебін аяқтап, Ұлан-Удэ авиациялық зауытына сынақшы болып жіберілді, бірақ көп ұзамай Александр Федотовтың көмегімен Микоян атындағы КБ-ге ауыстырылды. 1979 жылы Серго Орджоникидзе атындағы Мәскеу авиациялық институтын сырттай бітірді[3].
Remove ads
- Армавир жоғары әскери авиация қызылтулы ұшқыштар училищесі (1965–1969) — әскери ұшқыш-инженер
- Авиация өнеркәсібі министрлігінің ЛИИ ұшқыш-сынақшылар мектебі (05.1976) — 3-сыныпты ұшқыш-сынақшы
- Мәскеу Ордені Ленин атындағы авиация институтының (МАИ) С. Орджоникидзе атындағы Жуков филиалының кешкі бөлімі (1979) — инженер-аэрогидродинамик
- Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкерлер даярлау орталығы (1991) — ұшқыш-ғарышкер-сынақшы, сынақшы
- КСРО-ның ұшқыш-ғарышкері (1991)
- Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері (1991)
1962-1965 жылдары Теміртау құйма механикалық зауытында токарь болып жұмыс істеді.
1965 жылы комсомол комитетінің жолдамасымен Краснодардағы Армавир ұшқыштар даярлайтын жоғары әскери училищесіне оқуға түсіп, оны 1969 жылы бітіреді.

Кеңес Одағы Әскери-әуе күштерінің Қиыр Шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилия командирінің орынбасары қызметінде (1969-1975) болды.
Қырымда кемеге қонатын ұшақтар тақырыбында жұмыс істеді. 1976—1991 жылдары Микоян атындағы КБ-де 50-ден астам ұшақ түрін меңгеріп, сынақ жұмыстарын жүргізді. МиГ-29, МиГ-31, дыбыстан жылдам ұшатын МиГ-23, МиГ-25, МиГ-27 әскери ұшақтарын және оның түрлі модификацияларын сынақтан өткізуге қатысып, Кеңес Одағында тұңғыш рет МиГ-31Б ұшағымен әуеде 2 рет жанармай құйдырып, жерге қонбай солтүстік полюске ұшу сапарын 1988 жылы ерлікпен орындады.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 31 қазан 1988 жылғы Жарлығымен жаңа авиациялық техниканы сынауда көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені және «Золотая звезда» (Алтын Жұлдыз) медалі тапсырылды (№ 11585)[4]. Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшар алдында-ақ Кеңес Одағының Батыры атағына ие болғандықтан[5], ал «Алтын Жұлдыз» медалін қайталап беру 1988 жылдан бастап тоқтатылғандықтан, ғарыш сапары үшін ол Октябрь революциясы орденімен марапатталды.
1989 жылы тарихтағы екінші қонуды (одан бір жарым сағат бұрын Виктор Пугачёв Су-27К-мен жасаған)[6] және сол күні МиГ-29К жойғышымен «Тбилиси» ауыр авианосец крейсерінің палубасынан тұңғыш ұшуды орындады[7].
1990 жылғы 6 қарашада КСРО-ның еңбек сіңірген ұшқыш-сынақшысы атағы берілді.
Remove ads

1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы КСРО мен Қазақ КСР үкіметтері арасындағы келісімге сәйкес Ю. А. Гагарин атындағы ғарышкерлерді даярлау орталығында дайындық бастады.
1991 жылғы 2 сәуірде Ю. Гагарин атындағы Ғарышкерлер дайындау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісті. 45 жасында ғарышкер атанды. Ол – Кеңес Одағының соңғы, № 72, және Қазақстанның алғашқы ғарышкері.
1991 жылғы 2 қазан күні ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа ұшты. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ғарышта 7 күн, 22 сағат, 13 минут болды. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозольдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспанды астрофизикалық бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті.[8]
1991 жылғы 10 қазанда ғарышкерлер Т. Әубәкіров, А. Арцебарский, Ф. Фибек Жер бетіне оралды. Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.
1991 жылға дейін Мәскеу облысының Жуковский қаласында тұрды.
Remove ads
1992-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 1-орынбасары ,

1993-1994 жылдары - ҚР Ұлттық Аэроғарыштық агенттігінің бас директоры, Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары.
1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты – Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы.
1996 жылдан ҚР Президентінің кеңесшісі, ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары,
2004 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Қазіргі таңда – «Тұран-Астана» Университеті қамқоршылық кеңесінің төрағасы, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ Президентінің кеңесшісі. Қызылорда қаласының құрметті азаматы.
Remove ads
Марапаттары мен атақтары
- Техника ғылымдарының докторы (1998)
- Көкшетау университетінің профессоры (1997)
- Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының құрметті академигі (1997)
- Алматы қаласындағы Азаматтық авиация академиясының (ААА) құрметті профессоры (10.2006)
- Әскери ұшқыш 1-сынып (1973)
- Ұшқыш-сынақшы 5-сынып (1974)
- Ұшқыш-сынақшы 4-сынып (1976)
- Ұшқыш-сынақшы 3-сынып (1977)
- Ұшқыш-сынақшы 2-сынып (1980)
- Ұшқыш-сынақшы 1-сынып (1984)
- Ғарышкер 3-сынып (Космонавт 3-го класса) (1991)
- Қызмет барысында 50-ден астам ұшақ түрін меңгерген
- Әскери ұшқыш, авиация звеносының командирі (Су-15, 11.1969–1975)
- Инженер-лейтенант (1969)
- Аға лейтенант (1971)
- Капитан (1973; 01.1975 – запасқа шыққан)
- Запастағы майор (26.05.1980)
- Запастағы подполковник (20.05.1990)
- Запастағы полковник (10.1991)
- Қазақстан Республикасы авиациясының генерал-майоры (1992)
Қазақстан:
- «Халық қаһарманы» атағы
- Алтын Жұлдыз медалі (1995)
- «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы
- «Отан» ордені (1995)
- Көкшетау қаласының құрметті азаматы
Кеңес Одағы:
- Құрмет Белгісі ордені («Знак Почета») (1987)
- Кеңес одағының батыры атағы (1988),
- Алтын Жұлдыз медалі (1988)
- «Ленин» ордені (1988),
- КСРО-ға еңбек сіңірген сынақшы ұшқыш (1990)
- КСРО ғарышкер-ұшқышы (1991)
- Қазан төңкерісі ордені (Орден «Октябрьской революции») (1991)
Австрия Республикасы:
- «Алтын Крест» ордені 1988)
- «Алтын Крест» ордені (1993)
Remove ads
- ОСДП «Азат» мүшесі (10.2009–04.2012)
- Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі (14.06.2022 бастап)
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12-шақырылым депутаты (04.1990–1993)
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 13-шақырылым депутаты (1994)
- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі (19.09.2004–20.06.2007)
- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V-шақырылымына ОСДП атынан кандидат (09.12.2011)
- Жұбайы: Аубакирова (Малышева) Татьяна Михайловна (1951 ж.т.), инженер
- Балалары: Аубакиров Тимур Тоқтарұлы (1977 ж.т.), Аубакиров Михаил Тоқтарұлы (1982 ж.т.)
Сыртқы сілтемелер
- Тоқтар Әубәкір: «Қазақ басын көтерсе, оны тоқтату қиын болады»
- Т. Әубәкіровтың сұхбаты Мұрағатталған 27 қыркүйектің 2007 жылы.
- ӘУБӘКІРОВ ТОҚТАР ОҢҒАРБАЙҰЛЫ Мұрағатталған 15 желтоқсанның 2013 жылы.
- Өнегелі өмір иелері Мұрағатталған 27 наурыздың 2012 жылы.
- Аубакиров Токтар Онгарбаевич(қолжетпейтін сілтеме)
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads