Трагедия

From Wikipedia, the free encyclopedia

Трагедия
Remove ads

Трагедиядрамалық жанрдың бір түрі. Трагедия алғаш ежелгі грек мәдениетінде қалыптасып, сахна өнерімен қатар дамыған.

Thumb

Сипаттамасы

Трагедияның жанрлық ерекшелігі – өмірдегі шиеленіскен тартысты, бір-біріне қарама-қарсы күштердің ымыраға келмес күресін, қақтығысын суреттеу. Трагедияда қоғамдағы түрлі көзқарасты ұстанған күштердің, кертартпа топтардың арасындағы тартыс бейнеленеді. Өмірдегі ауыр жағдай мен қиын-қыстау кезеңдегі адамзат басына түскен ауыртпалық баяндалып, шығарма көбіне негізгі кейіпкердің қазаға ұшырауымен аяқталады. Бірақ жеке адамның трагедиялық халге ұшырауы оның үміті кесіліп, арманы орындалмады деген сөз емес, керісінше, ол ғұмырын арнаған арман-мақсаттың биік те зор екендігін танытады.

Әдетте кертартпа топтар әшкереленіп, шығарма оқырманды алға ұмтылуға, ізгі арман-тілек, мақсат үшін күресуге жігерлендіреді. Мысалы, “Абай” трагедиясындағы жауыздыққа батыл қарсы тұратын, жазықсыздың жақтасы Абай бейнесі, “Ақан сері – Ақтоқтыдағы” өмір қыспағына түсіп, қиянат-зорлықты көп көрген Ақан бейнесі. Трагедиялық кейіпкердің бойына үнемі жақсы қасиеттерді үйіп қою шарт емес. Мысалы, ақын С. Пушкиннің “Борис Годунов” трагедиясындағы Годунов бейнесі – қатпары көп, қайшылығы мол тұлға. Оның трагедиясы мансапты, тәж бен тақты халық мүддесінен жоғары қоюынан туындаған, сондықтан халық оны қолдамады. ШекспирдіңОтелло”, “Гамлет”, Мұхтар ӘуезовтіңҚарагөз”, Ғабит Мүсіреповтың халық эпосының сюжетіне құрылған “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” трагедиялары дүние жүзі мәдениетіне қосылған зор үлес саналады. Ахмет БайтұрсынұлыӘдебиет танытқышта” тартыс басты-басты үш тарауға бөлінеді:

  1. мерт, яки әлектекті тартыс (трагедия);
  2. сергелдең, яки азапты тартыс (драма);
  3. арамтер, яки әурешілік (комедия).

Тартыс күйге ән-күй қосылса, тартыс ‘‘зауықты’’ деп аталады. Тартыс сөз қу тілді болса, ‘‘қулықты’’ деп аталады; қисыны қызық болса, ‘‘күлдіргі’’ тартыс болады; сиқыр мазмұнды тартыс ‘‘сиқырлы’’ деп аталады. Қазақ әдебиетінде бұл түрлердің бірі бар, бірі жоқ. Кейбірі жетіспеген, шалалау, балалау түрде дейді.[1][2]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads