Трансгрессия

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Трансгрессия (лат. transgressіo – өту, жылжу), генетикада – ағзадағы қандай да болмасын белгі қасиетін арттыратын немесе кемітетін полимерлі гендердің әсері.

Әрбір ата-аналық дарабастарда бір немесе бірнеше доминантты гендер болған жағдайда олардың ұрпағында екі немесе одан да көп доминантты гендер үйлесіп келуі мүмкін. Нәтижесінде сол ұрпақта белгінің көрінуі күшейе түседі, мұны ``оң трангрессия`` деп, ал керісінше ұрпағында рецессивті гендер үйлесім тапса, онда белгінің күші кемиді, мұны ``теріс трангрессия`` деп атайды. Трангрессияға байланысты өсімдіктерде шығу тегіндегі кейбір белгі-қасиеттер олардың келешек ұрпақтарында айқынырақ көрінеді. Трангрессияны жаңа сорттар алу үшін, әсіресе, өздігінен тозаңданатын өсімдіктер селекциясында кеңінен қолданады.Трансгрессия - теңіздің тасу процесінің жеке түрі; көбінесе теңіз жағалауларына шендес өңірлердің ойысуы не теңіз түбінің көтерілуі, өте сирек теңіз суы деңгейінің көтерілуі салдарынан болады. Геологиялық тарихтың барлық дөуірлерінде (төменгі және ортаңғы кембрий, жоғарғы девон, төменгі карбон, жоғарғы бор) болған. Оқшауланған Т. қазіргі геологиялық дәуірде де байқалады (мыс.,Нидерландыда).[1] [2]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads