Трансиордания Әмірлігі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Трансиордания Әмірлігі (араб. إمارة شرق الأردن Imārat Sharq al-Urdun; ағылш. Emirate of Transjordan) — 1921 жылдың сәуірінде Каир конференциясынан кейін құрылған британдық протекторат. Әмірлікті көрші Иракта да билеген Хашимиттердің монархиялық әулеті басқарған. Ресми түрде аумақ Палестинадағы Британ мандатының құрамында болды, бірақ ол толығымен автономды болды.[1]
Remove ads
Құрылуы
Ирак Осман империясының құрамында Бірінші дүниежүзілік соғысқа тартылды. 1917 жылы 17 наурызда Бағдадқа ағылшын әскерлері енгізіліп, соғыс қимылдары тоқтады. Үш османдық вилаяттың орнына Ирак мемлекеті құрылып, 1920 жылы Ұлыбританияның мандатына берілді.[2]
Тәуелсіздік
1930 жылғы келісім бойынша Ирак тәуелсіз мемлекетке айналды, ал екі жылдан соң Ұлттар Лигасына қабылданды, бірақ Англияның әскери-саяси бақылауы сақталды. Тәуелсіздік әлемдік экономикалық дағдарыспен (1929–1933 жылдары) сәйкес келді. Ол елге үлкен ауыртпалық әкелді: Ирак экспорты бірден төмендеді; жұмыссыздық пен басқа да әлеуметтік апаттар күшейді. Оның үстіне елде саяси дағдарыс басталды, ұлтаралық қырғындар жүріп жатты.[2]
Remove ads
Экономика
1924–1925 жылдары мемлекеттік кірістер 217 000 мысыр фунты және Ұлыбританиядан (1923–1924 жылдары) 150 000 мысыр фунты болды.
Инфрақұрылымы
Әмірліктің аумағы арқылы Каир - Бағдад әуе бағыты өтіп, Амманда әуеайлақ болды.
Халқы
Жалпы халық саны 240 000 адамды құрады, олардың 220 000-ға жуығы мұсылмандар мен христиандар, 10 000 арабтар мен 10 000 кавказдар, сондай-ақ 1877–1878 жылдардағы орыс-түрік соғысынан кейін түрік үкіметі көшірген черкестер.[3][4]
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads
