Трихограмма
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Трихограмма (лат. Trichogramma) – хальцидтер тұқымдасы, шаншар-жұмыртқа жегілер туысына жатады. Денесінің ұзындығы 0,2 – 0,9 мм. Жәндіктердің 6 отрядының 215 түрі паразитті тіршілік етеді. Көбелектер мен жарғақ қанаттылардың басты паразиттері. Трихограмманың ұрғашысы 25 – 150 жұмыртқаны басқа жәндіктердің жұмыртқаларына салады, дернәсілі сол иесінің жұмыртқасында дамып, оның өз жұмыртқасының дамуын тоқтатып тастайды. Трихограммалар кейде 90 – 100%-ға дейін өсімдік зиянкестерінің жұмыртқасын жояды. Трихограмма pallіda жапырақ ширатқыш көбелектерде, Трихограмма pіnі қарағай жібек көбелегінде паразитті тіршілік етеді. Трихограмманы өсіріп, мәдени дақылдардың зиянкестерімен күресу үшін пайдаланады.[1]
Remove ads
Сілтеме
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads