Троллейбус

From Wikipedia, the free encyclopedia

Троллейбус
Remove ads

Троллейбус(ағылш. trolley bus, trolley – түйіспелі (контактілі) сым, роликті ток қабылдағыш және bus – автобус) – рельссіз жолмен қозғалатын қалалық, электрлік көлік.

Thumb
Троллейбус
Thumb
Thumb
Electromote in Berlin, 1882

Тарихы

Троллейбус 19 ғасырдың 80-жылдарынан бастап Германияда пайдаланыла бастады (1882). Қазақстанда Троллейбус алғаш рет 1944 жылы Алматы қаласында жүре бастады.

Құрылымы

Троллейбустың негізгі электрлік жабдықтарына тұрақты токтың күштік тарту қозғалтқышы, компрессор жетегі (қосалқы электр қозғалтқышы), желдеткіш пен генератор, жарық және сигналдық аппаратуралар, ал механикалық бөліктеріне трансмиссия, жүрістік бөлік, басқару тетігі жатады.

Артықшылығы

Рельстік жолды қажет етпейтіндігі, басқаруға икемді болуы Троллейбустың трамвайдан артықшылығы болса, арзан электр энергиясын пайдалануы, зиянды газдың жоқтығы, т.б. оның автобустан артықшылығы болып саналады.

Кемшілігі

Аспалы екі сымнан құралған түйіспелік (контактілік) жүйесінің күрделі болуы, сапалы жолды қажет етуі, т.б. Троллейбустың жоғарыда аталған көлік түрлерімен салыстырғандағы кемшілігі болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстанда “Электротранс Сервис” ЖШС-дан “Қазақстан” Троллейбустары шығарылады.[1][2]

Сілтеме

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads