Тропопауза
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Тропопауза (грек. tropos – бұрылыс, өзгеріс және pausіs – тоқтау) – тропосфера мен стратосфераның аралығындағы өтпелі қабат. Қалыңдығы бірнеше жүздеген метрден 2 – 3 км-ге дейін жетеді. Көбіне тропосфераның жоғарғы қабаты деп аталады. Тропопауза биіктігі географиялық ендікке (биік ендіктерде 8 – 10 км, экватор үстінде 16 – 18 км), жыл мезгілдеріне (жазға қарағанда қыста төмен), циклондық әрекеттерге (циклон кезінде төмен, антициклон кезінде жоғары) байланысты өзгеріп отырады.[1]

Remove ads
Сілтеме
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads