Тянь-Шань шыршасы

From Wikipedia, the free encyclopedia

Тянь-Шань шыршасы
Remove ads

Тянь-Шань шыршасы [1] (лат. Pícea tianschánica) — қарағайлар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл, қылқанжапырақты ағаш, бұта. Ол Шренк шыршасы түрше. Алматы облысында кең таралған. Теңіз деңгейінен биіктігі 1300-3600 м. Осы ағаштар Тянь-Шань эндемиктері [2] және тек-ғана Іле Алатауында, дәл сондай Жетісу Алатауында кездеседі.

Quick facts Тянь-Шань шыршасы, Ғылыми топтастыруы ...
Remove ads

Сипаттамасы

Тянь-Шань шыршасы — қалдық өсімдіктер. Жас ұзақтығы 250–300 жыл. Ұсақ тасты, жартасты тау беткейлерінде бірыңғай шыршалы кейде сібір самырсынымен аралас орман құрап өседі. Орта биіктігі 60 метрге жетеді, ал сыпайы жағдайында 100 метрге жетеді. Орта жуандығы 2 метрге дейін жетеді. Діңінің қабығы қоңырқай сұрғылт түсті, қабыршақтанып оңай сылынады. Қылқаны (жапырақтары) 4 қырлы, үшкір, ұзындығы 2-3,5 см, ені 2,0 мм-дей, ұзарған өркенінің қабық төмпешіктерінде бір-бірден болады. Жапырақтары түскенде төмпешіктері сақталып қалады. Бүрі сопақша, цилиндр пішінді, ұзындығы 8-10 см, жуандығы 2,5-4 см. Жеміс жапырақтары, көбінесе бүрлерінде орналасады. Мамыр айында гүлдейді. Вегетативтік (өсімді) жолмен көбейеді. Тұқымы мамырда, қоңырқай түсті келеді, жұқа қанатшалы өсіндісі арқылы желмен таралады, тамыз-қыркүйекте піседі. Алғашқы 15 жылда баяу (жылына 5-25 см), содан кейін тез өседі.

Thumb
Осы шыршаның ағаш
Remove ads

Пайдалану

Шыршаның ағашы көптеген құнды қасиеттерге ие. Ол керемет берік. Революцияға дейін бұл шыршаны құрылыс материалы ретінде пайдаланған. Одан Алматының тұрғын үйлері және қоғамдық ғимараттар салынған, оның ішінде атақты Кафедралды шіркеу де бар. Осы ескерткішті 70-ші жылдары қалпына келтіруде ХІХ ғасырдағы үйлердің бөренелері пайдаланылды — олар жақсы сақталған Тянь-Шань шыршасының ағашынан — музыкалық ішекті аспаптар: гитара, домбыра жасауда таптырмайтын бағалы материал. [3]

Thumb
Орман
Thumb
Құлатылған ағаштар
Thumb
Ағаш қатты жел артынан құлады
Remove ads

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads