Тышқан (компьютер)

From Wikipedia, the free encyclopedia

Тышқан (компьютер)
Remove ads

Тышқан (ағылш. mouse — тышқан) — бұл компьютердің графикалық ортамен өзара әрекеттесу үшін, пайдаланушы қолданатын құрылғы.

Thumb
Қазіргі 2007 заманның компьютерлік тышқаны. Жалпы қалыпталған қасиеттері — екі түйме мен тегершік.
Thumb
Тышқан (компьютер)

Тінтуір – өзін тегіс бетке қозғалтқанда бейне беттегі жүгіргіні (курсорды) жылжытатын шағын манипулятор. Тінтуір компьютермен әдетте сым арқылы жалғанатын және тұрпаты кәдімгі тышқанға ұқсайтын, беткі үш батырмасы бар қорапша. Оны басында қалжыңдап <Mouse> - <Тышқан> деп атағанымен, кейіннен осы сөз ресми атауына айналып кетті. Тінтуірді үстел бетіне немесе басқада жазықтық бетінде қозғалтқан кезде компьютер бейне бетінде тінтуір көрсеткіші – жүгіргі сол ретпен қозғалады. Жүгіргі орындалып отырған амалға қарай өз түрін өзгерте алады. Қандай да бір әрекетті орындау қажет болғанда пайдаланушы тінтуір пернелерінің бірін басады.

Тышқанның бір қолмен ұстауға арналған, жайпақ табанды қаптамасы, үстінде бір немесе бірнеше батырмасы, түп жағында көп бағытты бергіш құрылғысы (әдетте кішкентай шар) және оны компьютерге жалғайтын сымы болады.

Тышқанды қозғай отырып, пайдалану бейнебеттегі жүгіргіні басқарады. Бейнебетте элементтер мен әмірлер таңдау үшін пайдаланушы тышқан батырмаларының бірін басып, тышқан нұқымын жасауы керек.

Remove ads

Тышқанның пайда болуы тарихы

Алғашқы компьютерлік тышқан "Х және Y позицияларының индикаторы" деген атауға ие болатын. Бұл құрылғы ARPANet Network Information Center жобасы іске асып жатқан кезде пайда болды.

Сол кезде қолданыста болған манипулятор жұмыс істеуде ыңғайсыз әрі өлшемі жағынан үлкен болғандықтан, Дуглас Карл жаңа құрылғыны ойлап табуды көздейді.

Қарапайымдылығы мен тиімділігімен көзге түскен құрылғыны Дугластың әріптестері белсенді түрде жетілдіре бастайды. Кейін Билл Инглиш тышқанның жұмыс істейтін нұсқасын халық назарына ұсынған. Қазір бұл құрылғыға қарасақ, тышқан деп айту қиынға соғып тұр. Энгельбарттың тышқаны ағаш корпус пен темірден жасалған дөңгелектермен жабдықталды. Бұған қоса, құрылғыда қызыл пернесі болды. Бірақ 40 жылдан кейін бұл құрылғы миллиондаған компьютер қолданушылардың нағыз көмекшісіне айналды.

Жобаны Энгельбарт 10 мың долларға сатып, кішкентай ғана үйді сатып алды.

Remove ads

Түрі

Айналдырғыш тышқан немесе дөңгелекшелі тышқан, оның, яғни тінтуірдің сол жақ пернесі және тінтуірдіӊ оӊ жақ пернесі арасында дөңгелекшесі бар. Ол бейнебет құрамын біртіндеп қарап шығуға мүмкіндік береді.

Оптикалық тышқан – меңзейтін құрылғының соңғы жаңа түрі, онда жұмыршақтың орнына жарық шығаратын элемент орнатылған. Ол жарық шығаратын элемент шағылыстыратын жарық ағынының өзгеруіне жауап ретінде жылжуды тіркеп отырады.

Remove ads

Меңзері

тышқан меңзері (Курсор мыши; mouse cursor) — тышқан арқылы дисплей экраны бойынша орын ауыстыратын графикалық символ.

Нұсқағышы

Тінтуір нұсқағышы (Указатель мыши; mouse pointer) — егер тышқан компьютерге қосылса және тышқан драйвері жүктелсе, онда тышқан нұсқағышы өрқашан экранда тұрады. Мөтіндік режімде нұсқағыш кәдімгі тіктөртбүрыш пішінінде болады. Графикалық режімде нұсқағыштың стандартты пішіні солға қарай жоғары бағытгалған жебелікке ұқсас, алайда көбінесе орындайтын операциясына карай нұсқағыш басқа пішінді: кос жебелікті, кресті, жақтауды жөне т.б. қабылдайды. Уақыт көбірек жүмсалатын операцияларда нұсқағыш құмсағатқа айналады. Бүл өрекетімен программа "шамалы күтіңіз, ақпаратты енгізу әзірге мүмкін емес" дегенді хабарлайды; тышқан нұсқағышын мәтіндік меңзерден ажырата білу керек.[1] [2] [3]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads