Түзелбай Кірбаев

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

КІРБАЕВ Түзелбай (01.03.1930, Шу ауданы Ақтөбе а. – 15.04.1978, Көкшетау қ.) – қоғам қайраткері.

Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.[1]

Мәскеудегі Калинин атынд. түсті металдар ин-тын, Қазақ мемл. а. ш. ин-тын бітірген (1953). Шу ауданында Мойынты – Шу т. ж. құрылысындағы комсомол ұйымының жетекшісі болған. 1953 жылдан бастап Көкшетау облысы, Володар ауданындағы Грачев МТС-ның шеберхана меңгерушісі, бас инженері, директоры, «Заветы Ильича» кеңшарының директоры, Володар ауданы атқару к-тінің төрағасы. 1970 – 78 ж. Көкшетау облысы атқару к-ті төрағасының бірінші орынбасары. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған. Төрт рет Еңбек Қызыл Ту, Қазан революциясы ордендерімен марапатталған. Шу қ-ндағы бір көше оның есімімен аталған.[2]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads