УЕФА Конференция Лигасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
УЕФА Конференция Лигасы (ағылш. UEFA Europa Conference League; UECL) — УЕФА қарамағындағы Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасынан кейінгі үшінші деңгейдегі құрлықтық клубтық футбол турнирі.
Remove ads
Тарихы
УЕФА басшылары Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында жеңіске жете алмай жүрген елдің командалары үшін тағы бір жарыс ұйымдастыруға кіріскелі көп болды. 2018 жылы "Лига Еуропа 2" турнирін бастауға бел шеше кірісті. 2019 жылы Конференциялар лигасы деп атауды ұйғарды. Алғашқы маусымы 2021/22 жылғы маусымда өтті.
Форматы
Турнирге УЕФА-дағы рейтингі төмен чемпионат өкілдері қатысады. Бұрынғыша чемпион атанған клуб Чемпиондар лигасына қатыса береді, ал 2-3 орын алған клубтар Еуропа лигасына емес, Конференциялар лигасында бақ сынайды.
УЕФА чемпиондар лигасының бірінші және екінші іріктеуінде сүрінген клубтар да жарысты бұрынғыша Еуропа лигасында емес, осы турнирде жалғастырады. Сондай-ақ Еуропа лигасының үшінші іріктеу және плей-офф кезеңінде ұтылғандар мен топтық кезеңінде үшінші орын алған командалар осы турнирде жарысты жалғастырады.
Турнир жеңімпазы келесі маусымда Еуропа лигасына қатысады[1].
Remove ads
Жеңімпаздары
Финалдар
Дереккөздер
Сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads