Укаяли

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Укаяли (ис. Ucayali) — Перу жеріндегі өзен, Амазонканың оң саласы[1]. Кейде Укаяли Аманзонканың бастауы болып саналады. Төменгі ағысы Амазонка жазығымен ағып өтеді.Қарашадан сәуірге дейін тасиды. Кумария қаласына дейін кемелер жүреді.

Географиясы

Ұзындығы 1600 км, су алабының ауданы 375 000 км². Орталық Анд тауларынан Апуримак және Урубамба өзендері қосылған жерден бастау алады. Солтүстікке қарай ағып, Мараньон өзенімен бірге Аманзон өзенін құрайды.

Басты салалары: Шешеа, Тамая (оң), Пачитеа, Агуайтия, Писки (сол).

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads