Уэльс ханзадасы

From Wikipedia, the free encyclopedia

Уэльс ханзадасы
Remove ads

Уэльс ханзадасы (ағылш. Prince of Wales; вал. Tywysog Cymru, оқылуы [təu̯ˈəsoɡ ˈkəmrɨ]) — тәуелсіз валлий ханзадалары және XIV ғасырдан бастап ағылшын мен кейінірек британ тағының мұрагері қолданатын титул.

Quick facts Ресми резиденциясы, Тағайындайды ...

Тарихи тұрғыдан алғанда, бұл атақ XII ғасырға дейін жергілікті Уэльс ханзадаларына тиесілі болды; термин патша сөзінің орнына қолданылды. Уэльс ханзадасы атағының бірінші иегері 1137 жылы Грифид ап Кинан болды, дегенмен оның ұлы Оуайн ап Грифид атақтың бірінші иегері болып жиі аталады. Уэльсті 45 жыл бойы билеген Ұлы Лливелин әдетте ең жақсы көшбасшы ретінде қарастырылады.

Тақ мұрагері әйел болса, оған "Уэльс ханшайымы" лауазымы берілмейді. Бұл лауазым тек Уэльс ханзадасының әйеліне ғана беріледі. 2022 жылдың 8 қыркүйегінде патшайым II Елизабет қайтыс болғанда лауазымның соңғы 64 жыл иелеген ханзада Чарльз[1] патша атанған салысымен оның ұлы ханзада Уильям Уэльс ханзадасы титулының жаңа иегері болды.

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads