Уэсли Снейдер

From Wikipedia, the free encyclopedia

Уэсли Снейдер
Remove ads

Уэсли Беньямин Снейдер (нидер. Wesley Benjamin Sneijder; 1984 жылы 9 маусымда Утрехт қаласында Нидерландта дүниеге келген) — нидерландтық футболшы, жартылай қорғаушы.

Quick facts Жалпы мағлұмат, Туған күні ...
Remove ads

Мансабы

Аякс

Thumb
«Аякс» клубында

Уэсли Утрехт қаласында дүниеге келді, бірақ футболды амстердамдық Аякс академиясында үйрене бастады. Уэсли — футболшылар отбасысынан: әкесі бұрын кәсіби футболшы болған, ал үлкен ағасы Джефри Нидерланд лигасындағы «Стормвогелс Телстар» клубында ойнаған, ал інісі Родни - «Алмере Сити» клубында өнер көрсетеді.

Снейдер Аякс сапында алғаш рет 2002 жылы 22 желтоқсанда «Эксельсиор» клубына қарсы ойнап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бас бапкер Рональд Куманның нұсқауы бойынша жастар клубына барды. Бірақ кейін қайта негізгі құрамға келіп, тұрақты ойыншы болу үшін барлығын жасады. 2006/07 маусымда Нидерланд чемпионатында 18 гол соқты, оның көбісі айып соққыларыннан қақпаға түскен еді. Снейдер көп жаттықты, ойынды жақсы көрсетіп, дамыды, бірақ Аякстан кету керек екенің түсінді. Клуб ештеңені жеңе алмады, тіпті УЕФА Кубогінен ұшып кетті. Сол кезде «Реал Мадрид» Уэслимен қызыққан болатын.

Remove ads

Реал Мадрид

2007 жылы 12 тамызда «Аякс» футболшының көшуіне келісіп, Снейдерді «Реал Мадридқа» 27 млн. еуроға сатты. Снейдер нидерландтық футболшылардың ішінен екінші ең қымбат ойыншы атанды, бірінші болған Руд ван Нистелрой еді, ол 2001 жылы ПСВ-дан «Манчестер Юнайтедке» 30 млн. еуроға сатылды. Снейдерден басқа «Реал Мадрид» сапына тағы да екі голландтықтар қосылды, олар Ройстон Дренте мен Арьен Роббен еді.

Алғашқы матчында Снейдер мадридтық дербида «Атлетико Мадридқа» қарсы жеңіс голын соққан еді. Келесі матчта «Вильярреал» клубына екі рет гол салып, оның біреуі айып соққысынан қақпаға түскен.

Интернационале

Thumb
«Интер» клубында

«Реал Мадрид» Криштиану Роналду мен Каканы қомақты сомаға сатып алғаннан кейін, Снейдер негізгі құрамда ойнамайды деген ой пайда болды. Миландық келісімге келіспей, көптеген уақыт бойы жаттығулар арқылы негізгі құрамға өте алам деген сеніммен жүрді. Алайда «Интердің» бас бапкері Жозе Моуриньомен жеке сөйлескеннен кейін, ойын өзгертіп, Италия чемпионатына көшіп кетті. Трансфер құны 15 млн.еуро болды. Алғаш маусымынан-ақ жаңа клубпен Чемпиондар Лигасын жеңіп, турнирдің ең үздік жартылай қорғаушысы атанды.

2010 жылы 7 қарашада «Брешиа» клубына қарсы ойнағанда өзін нашар сезінді. Медециналық тесттер оның анемиямен ауыратынын анықтады. Бұл алдыңғы маусымдарда тым көп ойын көрсеткені себебінен болып шықты.

Remove ads

Галатасарай

Thumb
Дидье Дрогбамен Галатасарай клубында

2013 жылы қаңтарда түрік клубымен 3.5 жылдық келісімге қол қойды. Трансфер құны 7,5 млн. еуроны құрады. Жалақысы жылына 5,5 млн. болып, 14 нөмірге ие болды.

2013 жылы нөмерін 10-ға өзгертті.

Ұлттық құрама

Thumb
Ұлттық құрамада

2003 жылы ұлттық құрама үшін Португалияға қарсы ойында алаңға шықты. Ұлттық құраманы Марко ван Бастен басқарғаннан кейін, Снейдер үнемі ұлттық құрамаға шақырылып тұратын болды. Оның құрамында Уэсли Германиядағы 2006 жылғы әлем чемпионатына, Оңтүстік Африкадағы әлем чемпионатына қатысып, 5 рет голмен ерекшеленді.

Жетістіктері

Аякс

  • Нидерланд чемпионы: 2003/04
  • Нидерланд Кубогінің иегері: 2005/06, 2006/07
  • Нидерланд Суперкубогінің иегері: 2002, 2005, 2006

Реал Мадрид

  • Испания чемпионы: 2007/08
  • Испания Суперкубогінің иегері: 2008

Интер

  • Италия чемпионы: 2009/10
  • Италия Кубогінің иегері: 2009/10, 2010/11
  • УЕФА Чемпиондар Лигасының чемпионы: 2009/10
  • Италия Суперкубогінің иегері: 2010

Галатасарай

  • Түркия чемпионы: 2012/13
  • Түркия Кубогінің иегері: 2014
  • Түркия Суперкубогінің иегері:: 2013

Нидерланд ұлттық құрамасы

  • Еуропа чемипонатының қола медаль иегері: 2004
  • Әлем чемипонатының күміс медаль иегері:2010
  • Әлем чемипонатының қола медаль иегері: 2014
Remove ads

Сыртқы сілтемелер

Реал Мадридтің жанкүйерлерінің сайтындағы профилі (орыс.)

footballdatabase.com сайтындағы профилі

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads