Фернандиньо
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Фернандо Луис Роза (порт. Fernando Luiz Rosa; 4 мамыр 1985, Лондрина, Бразилия), қысқаша Фернандиньо (порт. Fernandinho) — бразилиялық футболшы, "Манчестер Сити" клубы мен Бразилия құрамасының жартылай қорғаушысы.
Remove ads
Карьерасы
Кәсіпқой карьерасын 2002 жылы "Атлетико Паранаэнсе" клубында бастап, ол командада үш жылдай ойнап, Еуропаға келді. 2005-13 жылдары Украинаның "Шахтер" клубында ойнап, алты рет Украина чемпионы атанды. 2009 жылғы УЕФА кубогының соңғы маусымында (келесі маусымында УЕФА Еуропа Лигасы боп өзгерді) топ жарды. УЕФА кубогының осы маусымында Фернандиньо алты гол соқты.
2013 жылдан бері Англияның "Манчестер Сити" командасында ойнап келеді.
Екі әлем чемпионатына қатысты (2014, 2018). 2014 жылғы әлем біріншілігінде Камерунның қақпасына бір гол соқты. Бұл әзірше ірі турнирлерде соққан жалғыз голы.
Remove ads
Жетістіктері
- «Атлетико Паранаэнсе»
- Бразилияның күміс жүлдегері: 2004
- Либертадорес кубогының финалисі: 2005
- «Шахтёр Донецк»
- Украина чемпионы (6): 2005/06, 2007/08, 2009/10, 2010/11, 2011/12, 2012/13
- Украина кубогы (4): 2007/08, 2010/11, 2011/12, 2012/13
- Украина суперкубогы (4): 2005, 2008, 2010, 2012
- УЕФА кубогы: 2008/09
- Максим Шацких атындағы мергендер клубының мүшесі: 53 гол.
- «Манчестер Сити»
- Англия чемпионы (2): 2013/14, 2017/18
- Футбол Лигасы кубогы (3): 2013/14, 2015/16, 2017/18
- Бразилия
- 20-жасқа дейінгі әлем чемпионы: 2003
- Америка кубогының жеңімпазы: 2019
- Прана штатының үздік жас ойыншысы: 2002
- Украинаның үздік ойыншысы: 2007/08
- Украинаның еңбек сіңірген спорт шебері: 2009
Сілтемелер
- Профилі Мұрағатталған 27 сәуірдің 2019 жылы.
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads