Фернандо Альварес де Толедо

From Wikipedia, the free encyclopedia

Фернандо Альварес де Толедо
Remove ads

Фернандо Альварес де Толедо немесе Альба (ис. Fernando Álvarez de Toledo, III Duque de Alba; 29.10.1507, Пьедраита, Авила провинциясы — 11.12.1582, Лиссабон, Португалия) - Альба әулетінің 3-ші герцогі, Испанияның мемлекеттік қайраткері, қолбасшы.

Quick facts Туған күні, Қайтыс болған күні ...

16 жасынан бастап император Карл V-нің әскерімен бірге Франция, Италия, Африка, Венгрия және Германияға қарсы жорықтарға шыққан. 1547 ж. Мюльберг тұсындағы шайқаста ерлік істерімен Еуропаға даңқы жайылды. 1552 ж. Италиядағы испан әскерінің бас қолбасшысы болып тағайындалып, Филипп ІІ таққа отырғаннан кейін Неаполдің вице-королі болды.

1567-1573 жылдары Альба Нидерландны Испанияның өкілі ретінде билеген. Нидерландия буржуазиялық революциясын тұншықтыруда аса қатал саясат қолданған. Аз болса да, таңдаулы әскермен Нидерландға католиктіқ дінді нығайту үшін келген Фернандо Альварес де Толедоның аты протестантар үшін рақымсыздық пен зұлымдылықтың синонимы болып қалған. Бірнеше мың адамды эшафотта дарға асып, 30 млн талер ақшаны тәркілеп, жүз мыңнан астам адамдарды шет елдерге қашуға мәжбүр етіп Нидерланд халықына Герцог Альба зәбір көрсетті.

1580 ж. Португалияны жаулап алып, оны Испаниямен әулеттік бірлестік құруға күшпен көндірді. Бұл компания да португалдықтарға бұрын-соңғы болып көрмеген қатыгездікпен есте қалды.

Соңғы жеңісінен көп ұзамай, 2 жылдан кейін Лиссабонда қайтыс болды.

Remove ads

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
  • Вальтер Кирхнер. Альба. Железный герцог Испании.
Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads