Фернандо Морьентес
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Фернандо Морьентес Санчес (исп. Fernando Morientes Sánchez;) — Испания құрамасының футболшысы, 1976 жылы 5 сәуірде Касерес қаласында дүниеге келген[1]. ""Реал"", "Монако", "Ливерпуль", "Валенсия", "Марсель" клубтарында жәні Испания ұлттық құрамасында өнер көрсеткен.
Remove ads
Өмірбаяны
1993 жылы 7 қарашада тұңғыш рет "Альбасете" — "Тенерифе" кездесуінде алаңға шықты. 1995 жылы "Альбасетеден" "Сарагосаға" ауысты. 1997 жылы Мадридтің "Реалына" шақырту алды да, корольдық клуб сапында әйгілі хорватиялық Давор Шукермен бірге шабуыл шебінде өнер көрсетті.
1998 жылы 25 наурызда алғаш рет Ұлттық Құрама сапында алаңға шықты. 1998, 2000, 2002 жылдары Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды. "Реалға" Роналдо келген соң Морьентес көбіне қосалқы құрамда қалып кете берді. Сол себепті де келесі жылы "Реалдан" кетті.
Ол "Монако" сапында жасындай жарқылдады. УЕФА Чемпиондар Лигасының 2003-04 жылғы маусымындағы ширек финалда бұрынғы клубы "Реалға" екі рет гол соқты да, байырғы командаластарын жарыстан шығарып жіберді. 2004 жылы жазда командаға қайта шақырылғанымен, бәрібір "Реал" сапындағы Дэвид Бекхэм, Роналдо, Майкл Оуэн секілді жұлдыздардан бұған орын да босамады. Кейінгі жылдары "Ливерпуль" (2005-2006), "Валенсия" (2006-2008), "Марсел" (2008-2010) командаларында өнер көрсеткен талантты футболшы 2010 жылы 34 жасында карьерасын тәмамдады.
Remove ads
Жетістіктері
- Үш дүркін Чемпиондар Лигасының жеңімпазы — 1998, 2000, 2002
- Екі дүркін Құрлықаралық кубоктың жеңімпазы — 1998, 2002
- Еуропа Суперкубогының иегері — 2002
- Испания чемпионы — 2001, 2003
- Франция чемпионы — 2009
- 2003-04 жылғы Чемпиондар Лигасының үздік мергені
Дереккөздер
Сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads