Ферран Торрес

From Wikipedia, the free encyclopedia

Ферран Торрес
Remove ads

Ферран Торрес Гарсия (ис. Ferran Torres García; 29 ақпан 2000 жыл, Фойос, Испания)[1] — испан футболшысы, "Барселона" клубы мен Испания құрамасының шабуылшысы.

Quick facts Жалпы мағлұмат, Толық аты ...
Remove ads

Карьерасы

Клубтық

"Валенсия" клубының түлегі, 2016 жылы негізгі құрамға тіркелді. Сол жылы 15 қазан күні "Мальоркаға" қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты.

2020 жылы 4 тамызда "Манчестер Ситиге" ауысты, футболшының құны 23 млн еуроға бағаланды[2]. Оған клубтан кеткен Давид Силваның 23-номері берілді.

2021 жылы 28 желтоқсанда Испанияға қайта оралып, "Барселона" футболшысы атанды. Трансфер құны 55 млн еуроны құрады.

Remove ads

Халықаралық

2020 жылы 3 қыркүйекте УЕФА Ұлттар Лигасында Германияға қарсы ойында тұңғыш рет ұлттық құрама сапында алаңға шығып, 90 минут толық ойнады[3]. Үш күннен соң осы турнирде Украинаның қақпасына алғашқы голын соқты (4:0).

2021 жылы Еуропа чемпионаты мен УЕФА Ұлттар лигасының финалдық турниріне қатысты. Екеуінде де қола жүлдегер атанды.

2022 жылы Қатарда өткен Әлем чемпионатында Ферран төрт кездесуде екі гол соқты, оның екеуі де Коста-Рика құрамасына қарсы.

2023 жылы Еуро-2024 квалификация кезінде 3 рет көзге түскен. Еуро-2024 басты кезеңінде негізгі құрамда 3-ші турда шығып, турнирдегі алғашқы голлын соқты. Кездесу Албания құрамасына қарсы өтіп, Испанияның 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Жетістіктері

Клубтық

«Валенсия»
  • Испания кубогының иегері: 2018/19
«Манчестер Сити»
  • Англия чемпионы: 2020/21
  • Футбол лигасы кубогының иегері: 2020/21
«Барселона»
  • Испания чемпионы: 2022/23, 2024/25
  • Испания кубогының иегері: 2024/25
  • Испания суперкубогының иегері: 2023, 2025
Испания құрамасы
  • Еуропа чемпионы (17 жасқа дейінгі): 2017
  • Еуропа чемпионы (19 жасқа дейінгі): 2019

Дереккөздер

Сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads