Филиппо Брунеллески

From Wikipedia, the free encyclopedia

Филиппо Брунеллески
Remove ads

Үлгі:Infobox artist

Thumb
Брунеллескидің Флоренция дуомосындағы күмбезі, Санта Мария дел Фиоре
Thumb
Күмбез секциясы
Thumb
Nave of the Santo Spirito, 1441–1481
Thumb
Паззи жанұясындағы шіркеу оның соңғы жұмыстарының бірі
Thumb
Кафедралды күмбезіне қарап отырған Брунеллески мүсіні

Филиппо Брунеллеско (Brunelleschі, Brunellesco) (1377, Италия, Флоренция — 15.4.1446, сонда) — италиялық сәулетші, мүсінші, ғалым.


1402 — 09 жылдары Римде көне дәуір сәулет өнерін зерттеді. 1401 ж. мүсіншілер конкурсына қатысып, қола рельеф жасады. Бұл өз дәуіріндегі реалистік жаңалық, композициясы ширақ тұңғыш соны еңбек еді. Бұдан соң Брунеллески сәулетші, инженер, математик ретінде танылып, Қайта өрлеу дәуіріндегі сәулет өнерінің негізін қалаушы және ғыл. өрістілік теориясын ашушылардың бірі болды. Флоренция соборына аса үлкен (диам. 42 м) 8 қырлы күмбез тұрғызу кезінде (1420 — 36). Брунеллески ғыл.-инженерлік ойларымен үлкен табысқа жетті. Сан-Лоренцо шіркеуінің құрылысында ол ежелгі ордерлер жүйесінен қалған үлгідегі бірегей сәулетті күмбез композициясын жасады. Брунеллески Сан-Лоренцо (1422 — 46), Сан-Спирито шіркеулерінің құрылысында да ордерлер мен базилика дәстүрлерін сәтті пайдаланған. Оның шығарм-ндағы гуманизм, ғыл. ой-тұжырымдары мен көркемдік шешімдерінің өміршеңдігі ордерлерді дамытудың жолдарын анықтауға және дүниежүз. мүсін өнерін көркейтуге зор ықпал жасады. [1]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads