Фолкленд аралдары
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Фолкленд аралдары (ағылш. Falkland Islands немесе Мальвина аралдары (ис. Islas Malvinas ) — Оңтүстік Америка құрлығының қиыр оңтүстікнің шығыс жағалауында, Атлант мұхитында орналасқан топарал. Ұлыбританияның иелігінде. Жер аумағы 12,2 мың км². Екі ірі аралдан — Батыс Фолкленд (Гран-Мальвина), Шығыс Фолкленд (Соледад) және 200-ге жуық шағын аралдардан тұрады.
Негізгі екі арал төбелі жазықты келеді, ең биік жері — 705 м (Асборн тауы), жағалаулары қатты тілімделген, қолайлы теңіз қойнаулары көп. Климаты қоңыржай мұхиттық салқын, үнемі еспе жел соғады. Орташа темературасы қаңтарда (жаз) 15°С, ал шілдеде (қыс) 2°С, жылдық жауын-шашын мөлш. 700 мм. Қатал климат жағдайындағы өсімдік жамылғысы, негізінен шөптесінді және аласа бұталы. Жануарлардан теңіз сүтқоректілері мен құстың көптеген түрлері кездеседі. Пингвиндер, дельфиндер, кит, теңіз бахтағы, т.б. балық түрлері мол. Халқы 2,9 мың адам, негізінен ағылшын, шотланд, француздардан құралады. Фолкленд аралдары 1592-ші жылы ағылшын теңізшісі Дж. Дейвис ашқан. 1764-ші жылы оны Франция отарлады, кейіннен Испанияға берілді. 19-шы ғасырдың 20-шы жылдары Аргентина бақылауына өтті. 1833-ші жылы аралдарды Ұлыбритания жаулап алып, ағылшын әскери базасын орналастырды. 1982-ші жылы Фолкленд аралдары үшін Аргентина мен Ұлыбритания арасында әскери қақтығыс болды. Бұл соғыс Ұлыбританияның аралдарға толық иелік орнатуымен аяқталды. Фолкленд аралдары экономикасының негізі — мал шаруалығының өнімдері (қой еті, жүні, терісі), балық және теңіз аңдары кәсіпшілігі. Әкімшілік орталығы — Порт-Стэнли қаласы
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads