Формальдегид

From Wikipedia, the free encyclopedia

Формальдегид
Remove ads

Формальдегид (лат. formica - құмырсқа), халықаралық уағыздалатын аты - метаналь, ескіше - құмырсқа алдегиды.
Екінші кластағы аса қауіпті түссіз газ. Формальдегид негізінен көлік газдарынан тарайды.Тағамдық қоспа сияқты регистрацияланған.
(CH2=O) — газсынды өткір иісті түссіз зат , гомологиялық қатардың алифатикалық альдегидтер болатын алғашқы мүшесі. Формальдегидтің 40%-тік ерітіндісін формалин деп атайды.

Thumb
Формальдегидтің 2D структурасы
Thumb
Формальдегидтің 3D шар структурасы
Thumb
Формальдегидтің 3D таяқ-шар структурасы
Remove ads

Алу әдістері

Формальдегидті бірінші рет 1859 жылы А. М. Бутлер синтездеді.Қазіргі уақытта формальдегидті 3 амалмен алады:

  • Күміс кристаллдарын көп су буы және метанол бр жерде тотығу және дегидратациялау;
  • Кристаллдық күміс пен күміс торын тотығу және дегидратациялау;
  • Көп металл бар ауаны тотығу.

Қолданылуы

Формалин дезинфекциялағыш зат ретінде кеңінен қолданылады. Құмырсқа альдегиді фенолформальдегид шайырын, карбамидті шайыр, органикалық бояулар, қопарылғыш заттар, лактар алуда қолданылады. Формальдегид нәруызды ұйыту қасиетіне байланысты анатомиялық препараттарды консервациялауға, дезинфекциялауға, дәрі-дәрмек алуға және тері илеу өндірісінде, егін егу алдында дән тұқымдарын өңдеуде пайдаланылады.

Remove ads

Қауіпі

Осы газ адамның тыныс алу жолдарына, көзге және теріге аса зиян. Және адамның жүйке жүйесін зақымдайды. Егер оның мөлшері ауадағы зиянды заттардың қауіпсіз мөлшерінен неше жүз есеге асып кетсе, барлық тірі жанды құртып жіберуі ғажап емес дейді мамандар.

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads