Формоса Республикасы

From Wikipedia, the free encyclopedia

Формоса Республикасы
Remove ads

Формоса Республикасы немесе Тайвань Республикасы — 1895 жылы болған өзін-өзі жариялаған қысқа мерзімді мемлекет. Бүкіл Тайвань аралын қамтыды. Сол 1895 жылы аралды Жапония басып алды.

Quick facts

Аралдың жапондарға берілуі (Симоносеки келісімі) бүкіл Тайваньда жаппай наразылық тудырды. 1895 жылы 23 мамырда бір топ қытай шенеуніктері мен шэньши Тайвань тәуелсіздігін жариялады. Аралдың бұрынғы губернаторы Тан Цзинсун президент болды. Осылайша Цинь империясының әскерлері шартты бұзбай Жапонияға қарсы соғысуға еркін болды. Қарулы күштердің басшысы болып Қара туды әскерінің бұрынғы қолбасшысы Лю Юнфу тағайындалды. 29 мамырда Жапония Тайваньға басып кірді. Бұл күні жапондықтар Цзилун маңына қона бастады. 3 маусымда қала империяның қол астына өтті. Тан Цзинсун мен вице-президент Цю Фэнцзя құрлыққа қашып кетті. Маусым айының соңында Республика әскерінің қалдықтары Тайнаньға жиналып, Лю Юнфуды президент деп жариялады. Қазан айында Жапония Формосан әскерін жойып, Тайнаньды бақылауға алды.

Remove ads

Әдебиет

  • О. Е. Непомнин «История Китая: Эпоха Цин. XVII — начало XX века» — Москва, издательская фирма «Восточная литература» РАН, 2005. ISBN 5-02-018400-4
  • «История Востока» в 6 томах. Том IV «Восток в новое время (конец XVIII — начало XX в.)». Книга 2 — Москва, издательская фирма «Восточная литература» РАН, 2005. ISBN 5-02-018473-X
  • «История Китая» п/ред. А. В. Меликсетова — Москва, издательство МГУ, издательство «Высшая школа», 2002. ISBN 5-211-04413-4
Remove ads
Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads