Харолд Вармус
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Харолд Эллиот Вармус (ағылш. Harold E. Varmus; 18 желтоқсан 1939, Фрипорт, Нью-Йорк) — американдық дәрігер-вирусолог, «Ретровирустық онкогендердің жасушалық табиғатын ашқаны үшін», Майкл Бишоппен бірге бөліскен Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының 1989 жылғы лауреаты. Слоан-Кеттеринг мемориалдық онкологиялық орталығының (Нью-Йорк) президенті әрі басшысы.
Remove ads
Өмірбаян
Харолд Вармус өмірге 1939 жылы 18 желтоқсанда Фрипортте (Нью-Йорк) келген. Амхерст колледжін бітіріп, Гарвард университетіне түсті, ол тек бір жыл әдебиет мамандығы бойынша оқыған ол, Дәрігерлер мен хирургтердің Колумбия колледжіне (Нью-Йорк) ауысты. 1968—1969 жылдары Медицина мектебін бітіргеннен кейін Колумбия пресбитериан ауруханасында жұмыс істеді және Ұлттық денсаулық институтында қысқаша тағылымдамадан өтті, онда цАМФ бактериалық гендердің экспрессиясын қалай басқаратынын зерттей бастады. 1970 жылы Сан-Францискоға көшіп келіп, ондағы Калифорния университетіне Майкл Бишоптың лабораториясына пост-докторант болып орналасты. 1970 жылдан — микробиология және иммунология бөлімінің профессоры. 1984 жылдан — молекулярлық вирусология атаулы профессоры.
1989 жылы Бишоп пен Вармус өздерінің зерттеулері үшін Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығын иеленді.
Ұлттық денсаулық институтының директоры (1993—1999). 2000 жылдан — Слоан-Кеттеринг мемориалдық онкологиялық орталығының (Нью-Йорк) президенті әрі басшысы.
Remove ads
Дереккөздер
Сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads