Хименостомата
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Хименостомата отрядына Hymenostomata - Paramaecium туысы жатады: тұщы суларда кең таралған.
Балықтардың желбезегі мен терісінде тіршілік ететін қауіпті паразит Ichthyophthirius multifilus осы отрядқа жатады. Үлкен инфузориялар көлемі 0,5-0,8 мм-ге дейін жететін, шар тәрізді. Цитоплазмасында үлкен доға тәрізді иілген макронуклеус және көптеген майда жиырылғыш вакуольдер орналасқан. Ихтиофтириустар балықтың терісіне бұранда сияқтанып енеді.
Ауырған балықтың денесінде кішкене келген ақшыл түсті көптеген жаралар пайда болады. Жарадан суға шыққан ихтиофтириус цистаға айналып, соның ішінде палинтомия жолымен бірнеше peт бөлінеді. Цистадан шыққан жас ихтиофтириустар сау балықтың денесіне кіреді.[1]
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads