Хлороформ

From Wikipedia, the free encyclopedia

Хлороформ
Remove ads

Хлороформ, үшхлорметан, хладон-20, CHCl3 — түссіз, өзіне тән ерекше иісі бар органикалық қосылыс; балқу t –63,55 °С, қайнау t 61,15 °С, тығыздығы 1,488 г/см³, суда іс жүзінде ерімейді, органикалық еріткіштермен кез келген мөлшерде араласады. Хлороформ майлар мен шайырларды жақсы ерітеді. Ол метанды хлорлау, этил спиртіне немесе сірке альдегидіне, ацетонға хлорлы әкпен әсер ету арқылы алынады. Хлороформның наркоздық, антисептикалық қасиеті бар. Ол адам организмінде зат алмасуға, әсіресе бауырға күшті әсер етеді. Хлороформ лабораторияда, техникада, медицинада дезинфекция үшін, т.б. пайдаланылады.[1]

Thumb
Хлороформ
Thumb
Хлороформ құрылымы
Remove ads

Сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads