Цельс

From Wikipedia, the free encyclopedia

Цельс
Remove ads

Авл Корнелий Цельс (Aulus Cornelius Celsus) (б.з.б. 25 — б.з. 50) — ежелгі римдік энциклопедист-ғалым. Цельс грек дерек көздерін негізге алып, 25 — 30 бөлімнен тұратын “Өнер” (“Artes”) деп аталатын энциклопедиялық еңбек жазған. Бұл еңбегінде ол философия, риторика, құқық, медицина, ауыл шаруашылығы, әскери іс және тағы басқа ғылым салалары туралы мағлұматтар берген. 20 кітаптан тұратын осы еңбегінің ішінен медицинаға арналған “Медицина туралы” (“De medіcіna”) (6 — 13 кітаптар) деген бөлімінде ежелгі грек дәрігерлерінің шығармаларын басшылыққа ала отырып, гигиена, диететика, патология, терапия және хирургия салаларынан мәлімет береді. Цельстің бұл еңбегі ежелгі заманның латын тілінде жазылып, біздің заманымызға жеткен жалғыз медициналық шығармасы болып саналады. Қазіргі заманғы латын тіліне негізделген дәрігерлік терминология осы еңбектен бастау алады.

Thumb
Авл Корнелий Цельс
Remove ads

Ciлтемелер :

«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, XVIII том

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads