Цюрих көлі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Цюрих көлі (нем. Zürichsee, фр. Lac de Zurich) — Швейцария таулы үстіртінің шығыс бөлігіндегі 406 м биіктікте орналасқан көл, Швейцария жерінде. Ауданы 88,5 км², ұзындығы 40 км, ені 1 — 4 км, ең терең жері 143 м. Көл қазаншұңқыры мұздық әрекетінен пайда болған. Хурден құмқайыры мен т. ж. бөгеті арқылы Ц. к. оңт.-шығыс және солт.-батыс бөліктерге бөлінген. Тау өзендері суымен толығады. Көлден Лиммат өз. (Рейн алабы) ағып шығады. Деңгейінің ең жоғарғы кезі маусым — шілде (көл алабындағы мұздықтардың еруіне байланысты) айларына келеді. Кеме жүзеді. Батыс жағалауында Цюрих қ. орналасқан.
Remove ads
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads