Шалбар

From Wikipedia, the free encyclopedia

Шалбар
Remove ads

Шалбар — жүріп-тұруға ыңғайлы пішімделеді де, тізеден төмен жері тар, бел тұсы қапсырылған, балағы кең, ышқыры бітеу етіп тігілетін сырт киім. Ғалымдардың көпшілігі оны кем дегенде ерте темір дәуірінде мал шаруашылығымен және аңшылықпен айналысқан көшпелі тайпалар ойлап тапқан деп есептейді. Дәстүрлі қазақ қоғамында шалбар қалтасыз әрі кең етіп тігілген. Ол тұрмысқа (мініске, малдас құрып отыруға, тағы басқа) қолайлы болу үшін жасалынған. Балағы кейде етік қонышына салынатындай тар немесе сыртқа шығарылатындай кең болады. Көшпелі тұрмысқа ыңғайластырылған Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі. Оның атқа мініп-түсуге кедергі келтірмеуі үшін ешқандай түймесі, ілмешегі жоқ, белдік орнына бау пайдаланылды. Ілкіде қазақ қоғамы Шалбарды жаздық және қыстық деп екіге бөледі. Алғашқысына матадан тігілген сырма шалбар мен жарғақ шалбар жатады. Түгі қырылып иленген мал терісін қына, тал қабығы, жосамен бояп, алды мен балақ жағын түрлі жібек жіптермен айшықталған жарғақ шалбарды байлар, жас жігіттер сәндікке киген. Қой терісін өңдеп илеген, жүн бетін ішіне қаратып, кең етіп тігілген тері шалбарлар да болған. Жарғақ пен тері шалбардың ышқырбауына жіңішкелеп тілінген қайыс бау тағылды, қажет жағдайда балағына да балақбау тағылған. Егер балағы етік сыртына кететін кеңдеу болса, оны зермен көмкерді, сырып кестеледі. Матадан (барқыт, ұлпа, пүліш, шұға, шибарқыт, тағы басқа) да шалбар көптеп тігілген. Жылы болуы үшін қой, түйе жүні, мақта қосылған шалбарды сырма деп атады. Қазақ шеберлері шалбарды неше түрлі жібек жіптермен өрнектеп кестеледі, балақ аузын жұрындап, әдіптеп, түсті матамен балақтаған, сондай-ақ терісі бағалы аң терілерімен жұрындаған. Қарт адамдар көбіне балағы жырық кең шалбар киіп жүрген. Шалбар қазақ халқының ертеден келе жатқан ұлттық киімдерінің бірі.[1]

Thumb
Шалбар
Remove ads

Түрлері

Шалбарлар төмендегідей түрлерге бөлінеді:

  • Классикалық шалбар – мұқият салынған қыры бар түзу ұзын шалбар. Онсыз іскерлік костюмді елестету мүмкін емес;
  • Сыбызғы шалбарлар – дене пішінін қайталайтын ұзын, тар шалбарлар. Әйелдер және ерлер киімінің соңғы сән үлгілерінде сыбызғы шалбарлар қайтадан үздік орынға ие бола бастады;
  • Күліш шалбар – балақ жағы кеңейтілген ұзын шалбар. Бұл шалбардың екі түрі бар: тізеден бастап күліш және саннан бастап күліш. Шалбардың бұл түрін ХХ ғасырдың 70 - жылдары әйелдер мен ерлер киген. Қазір олар тек әйелдердің сәнді киім коллекцияларында;
  • Джинса – саржалық өрімі бар тығыз мақта матадан тігілген шалбар;
  • Капри – ұзындығы балтырдың ортасына дейін келетін тар шалбар. Оның авторы – дизайнер Соня де Леннарт. Ал аты алғаш рет көпшілікке көрсетілген Капри аралына байланысты;
  • Бриджи - Бұл шалбардың ұзындығы көбіне тізеге дейін жетеді, алайда кейде одан аздап төменірек те болады. Шалбардың төменгі жақ жиегінде резеңке немесе манжет болуы мүмкін. Бриджидің мықын тұсы тар немесе керісінше кең болады.
Remove ads

Тарихы

Thumb
Шалбар киген скиф

Нақты деректер бойынша шалбар ең алғаш жоғары палеолит кезеңінде киіле бастаған.[2] Ең ежелгі шалбар Шығыс Түркістанның Тұрпандағы Ианхай зиратынан табылған болатын. Тарым ойпатынан табылған бұл дерек бойынша, шалбарды ең алғаш Орталық Азия көшпенді түркілері шамамен б.з.д 13-10 ғасырларда жүннен тоқылған, ұзын балақты, кең ашалы, атқа мінуге арналған шалбар киген екен.[3][4]

Сілтемелер

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads