Шалқар (қала)
Қазақстанның Ақтөбе облысында орналасқан қала, Шалқар ауданының орталығы From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Шалқар — Ақтөбе облысындағы қала, Шалқар ауданының орталығы (1932 жылдан), темір жол бекеті.
Remove ads
Географиялық орны
Облыс орталығы - Ақтөбе қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 363 км-дей жерде, Шалқар көлінің жағасында орналасқан.
Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 27833 адамды (13981 ер адам және 13852 әйел адам) құрады.[2]
Тарихы
Іргесі 1870 жылы қаланған. 1921 жылға дейін Шалқар ауылы, 1922 жылы уезд, 1924 жылы аудан орталығы, 1932 жылы Ақтөбе облысы құрылғанда қайтадан аудан орталығы болды.
Өнеркәсібі
Қаланың өнеркәсіп саласында «Көктас-Ақтөбе», «Жаңа дәуір», «Алай» минералды су құю цехтары, «Ақтөбе-Жаңатас» қиыршықтас зауыты, «Локомотив депосы» шеберханасы, ауданы электр, жылу қуатын, су өндіретін кәсіпорындар бар. Олар 2 ЖШС-ге, ІК және 2 акционерлік қоғамға біріктірілген.
Инфрақұрылымы
Әлеуметтік-мәдени және денсаулық сақтау салалары бойынша Шалқарда жалпы білім беретін 9 мектеп, музыка, спорт мектептері, кәсіптік-техникалық мектеп, мешіт, тарихи-өлкетану музейі, кітапхана, мәдениет үйі, ауданы аурухана мен емхана, 2 отбасылық дәрігерлік амбулатория, дәріхана, «Ақниет» ЖШС-і, «Ақбөбек» сауықтыру орталығы тағы басқа мекемелер бар. Қала арқылы Орынбор-Ташкент темір жолы өтеді.
Галерея
-
М. Шұманұлы көшесі
-
Шалқар станциясындағы паровоз депосы. 1907 жыл
-
Шалқар станциясындағы жолаушылар ғимараты. 1907 жыл
-
М. Мəметова көшесі
-
Қаладағы жаңа мешіт
-
Шалқар
-
Шалқар
-
Шалқар
-
Шалқар
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads