Шардара (қала)

Қазақстандағы қала, Шардара ауданының орталығы From Wikipedia, the free encyclopedia

Шардара (қала)
Remove ads

ШардараТүркістан облысындағы қала (1968 жылдан), Шардара ауданының орталығы.

Quick facts Әкімшілігі, Ел ...
Thumb
 Басқа мағыналар үшін Шардара деген бетті қараңыз.
Remove ads

Географиялық орны

Облыс ортасы – Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 279 км-дей жерде, Сырдария өзенінің оң жағын ала, Шардара бөгенінің солтүстік жағасында орналасқан. Қаланың аумағы 21,24 мың км2.

Халқы

  • 25 579 мың адам (2003);
  • 30 922 мың адам (2013);
  • 29 269 мың адам. Гендерлік құрамы: әйелдер (14 040), еркектер (15 229) (2020)[2]
More information 2021 2009-ға пайызбен, Ерлер 2009 ...
Remove ads

Тарихы

«Шардара» – көне парсы тілінен аударғанда «Төрт қақпа» дегенді білдіреді. Шардара қаласының аумағында 8 ғасырда егіншілігі, қолөнері, мәдениеті дамыған отырықшы тұрғыны бар үш қала-қамал болған: Бірінші Ақтөбе, Екінші Ақтөбе, Жаушықұмтөбе. 1959-68 жылдары "Сырдария" кенті аталып келді. Қала Мелдеби, Қызылжар, Абай, Төменгі тоғай, Өтеғұл мөлтек аудандарынан тұрады.

Кәсіпорындары

Thumb
Шардара су электр станциясы

Шардарада «Шардара су электр станциясы» ААҚ, «Шардара мақта» АҚ, «Қазақстан мақтасы» корпорациясының филиалы, «Мырзакент» АҚ, «Шардаранан» АҚ, құрылыс материалдар комбинаты, «Шардара су-жылу жүйелері» ЖШС, «Будан» ЖШС, «Талапты» ӨК, «Шардарабалық», орман шаруашылығы, Шардара мемлекеттік қазыналық балық өсіру кәсіпорны, «Автосервис» орталығы, асфальт зауыты, т. б. кәсіпорындар қала экономикасын көтеруде.

Remove ads

Инфрақұрылымы

Thumb
Шардара орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Шардарада орталығы емхана, туберкулезге қарсы диспансер, санитарлық-эпидемиологиялық стансасысы жұмыс істейді. Білім беру, мәдениет саласы бойынша кәсіптік-техникалық мектеп, жалпы білім беретін, музыкалық, спорт мектептері, мәдениет үйі, орталығы кітапхана, «Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар» мемориалдық ескерткіші бар. [4]

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads