Шармай
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Маринка немесе Шармай (лат. Schizothorax) - тұқы тұқымдасына жататын балық туысы.
Remove ads
Биологиялық сипаттамасы
Денесі ұсақ қабыршықпен қапталған, тұрқы 20 см-ден 1 м-ге дейін, салмағы 2-12 кг. Басы жасыл сары, арқасы қара көк, бауыры сары түсті. Аузының екі жағында екі жұп мұрты, жұтқыншағында үш қатар тістері болады.
Жыныстық жағынан 3-4 жылда жетіледі. Уылдырығын сәуір-майда судың температурасы 15-18С жеткенде 1-2 м тереңдікте, құмайтты жерге салады. Шикі уылыдырығы жеуге жарамсыз. Іле Маринкасы - балықпен, кәдімгі Маринка - омыртқасыздармен, Балқаш Маринкасы - шөппен қоректенеді. Балқашта ауланатын Маринканың кәсіптік маңызы бар.
Remove ads
Таралуы
Маринка Орталық және Орта Азия, Қазақстанда тұщы суларда таралған. Сырдария, Амудария, Шу,Іле, Ақсу, Қаратал өзендерінде, Балқашта , Алакөлде кездеседі[1].
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads