Шатқал

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Шатқал — терең, түбі тар, құлама немесе тік, кейде ойыс беткейлі және көпшілік бөлігі жартасты болып келетін аңғар. Шатқал көбінесе таулы аймақтарда кездеседі, мұнда оның тереңдігі 1500—1800 м-ге дейін барады. Шатқал көп жағдайда өзен әрекетінен (эрозиялық шатқал, кейде жердің жарылуынан, карсты опырылу әрекетінен) пайда болады.

Әлемдегі ең үлкен шатқал - АҚШ, Аризона штатындағы Колорадо өзені кесіп өткен жер бетіндегі орасан зор сай. Ұзындығы 350 км, ал ені кейбір жерлерде 20 км-ге дейін жететін шатқалдың пайда болу үрдісі миллиондаған жылдарға созылды. Оның кейбір жерлерінен жасы екі миллиард жылға дейін жететін тау жыныстары табылды.[1]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads