Шағалалытеңіз

From Wikipedia, the free encyclopedia

Шағалалытеңіз
Remove ads

ШағалалытеңізСолтүстік Қазақстан облысы Аққайың, Тайынша аудандары жеріндегі көл. Қиялы ауылынан 11 км оңтүстік-шығыстағы қазаншұңқырда орналасқан. Теңіз деңгейінен абсолюттік биіктігі 135,6 м.

Quick facts Морфометрия, Су алабы ...
Remove ads

Гидрографикасы

Ауданы 267,36 км2, ұзындығы 42,9 км, ең енді жері 12,5 км, орташа тереңдігі 1,5 м, ең терең жері 3,1 м, су жиналатын алабы 10900 км 2. Түбі лайлы, балшықты — қалыңдығы 1 метрге жетеді. Көлге Шағалалы өзені құяды. Қазіргі кезде негізінен ағынсыз, тек суы мол жылдары Шағалалытеңізден Ақбас көліне қарай ағын байқалады. Суының минералдығы көктемде 0,6 — 0,8 г/л, жазда 0,9 — 1,0 г/л, қыста 2,0 — 2,5 г/л.

Remove ads

Жағалау сипаты

Көл айдынының 60-70%-ын қамыс, құрақ, тағы басқа су өсімдіктері жайлаған. Батыс және солтүстік жағалары жарқабақты, биіктігі 4-7 м, шығыс және оңтүстік жағалары жайпақ, айналадағы ортамен тұтасып кеткен. Оңтүстік жағалауы батпақты. Суы шаруашылық мұқтаждықтарға пайдаланылады.[1][2]

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads