Шведтер
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Шведтер (швед. svenskar) — ұлт, Швецияның негізгі халқы. АҚШ, Канада, Финляндия, Дания, Норвегия, т.б. елдерде де тұрады. Жалпы саны 9,5 млн. адам (2005).
Remove ads
Эндоэтнонимдері
Ағылшын тілінде – «Swedes»; неміс тілінде – «Schweden»; голланд тілінде – «Zweden»; дат тілінде – «Svenskere»; фин тілінде – «Ruotsalaiset»; эстон тілінде - «Rootslased»; ижор тілінде - «Rootsalainet»; мажар тілінде – «Svédek»; литва тілінде - «Švedai»; латыш тілінде – «Zviedri»; орыс тілінде - «Шведы»; поляк тілінде - «Szwedzi»; украин тілінде - «Шведи»; хорват тілінде – «Šveđani»; серб тілінде - «Швеђани»; француз тілінде – «Suédois»; испан тілінде – «Suecos»; итальян тілінде –«Svedesi».[1]
Remove ads
Тілі
Антропологиялық жағынан үлкен еуропа пішіндес нәсілдің атлант-балтық тобының балтық типіне жатады. Герман тілдерінің солтүстік тобындағы швед тілінде сөйлейді. Швед тілінің жазуы V ғасырдан бастау алады, ең көне ескерткіштер негізінен металға, тасқа немесе ағашқа ойып жазылған руникалық жазулар (рундар) болып табылады. Олар ерекше сүйірленіп сызылған кескіндер түрінде кездеседі. Содан кейін жазу латын әліпбиінің негізінде жасалды, оған үш ерекше әріп қосылды. Швед тілінде алты диалект тобы бар (свей, ет, норланд, шығыс швед, гутни сөйленісі, оңтүстік швед). Финляндия аумағында кең таралған швед диалектілері шығыс швед деп аталады. Швед әдеби тілінің жазбаша түрі, ең алдымен, Упсала, Стокгольм және Седерманланд қалаларының орталық диалектілеріне негізделген.[2]
Remove ads
Діні
Христиан дінінің лютеран, католик бағыттарын тұтынады.
Тарихы
Шведтердің арғы ата-бабалары б.з. 1-мыңжылдығында Швеция аймағын мекендеген свей, ет, гот және басқа да герман тайпалары болып саналады. Олар 11 — 12 ғ-ларда ерте феодалдық мемлекет құрып, шведтердің этникалық бірігуіне алғы шарт жасады. Викингтер дәуірі (9 — 11 ғ-лар) мен ерте орта ғасырларда Швеция, Финляндия, Русь жерлеріне, Византияға шапқыншылық жасады. Ежелгі Русьте оларды варягтар деп атады. Осы уақыттарда швеция этногенезіне финн және саам тайпалары да өзіндік үлесін қосты. Кейінгі орта ғасырлардағы неміс, дат халықтарымен болған соғыстар, лютерандық реформа, ұлттық рыноктың қалыптасуы шведтердің этникалық қауым ретінде шоғырлана түсуін күшейтті. Соңынан олар 17 — 18 ғ-ларда ұлт ретінде таныла бастады.
Remove ads
Кәсібі

Шведтердің дәстүрлі кәсіптері негізінен мал шаруашылығы, егіншілік және балық аулау. Тері өңдеу, жіп иіру, қолөнер бұйымдарын жасау ісімен де шұғылданады. Шаруашылығы мен тұрмысы дат, фарер, т.б. осы аймақтардағы халықтарға өте ұқсас.
Қазіргі шведтер негізінен жоғары дамыған өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында жұмыс істейді. Қала халқы абсолютті басым (ең үлкен агломерация – Стокгольм). Ауыл шаруашылығының дәстүрлі саласы ет-сүт шаруашылығы. Ауыл шаруашылығына қарағанда жайылымдық мал шаруашылығы басым. Солтүстік Швецияда байырғы қоныстандыру жүйесі – шаруашылық құрылыстары бар жазғы жайылымдар сақталған. Балық аулау дамыған. Орман шаруашылығы маңызды рөл атқарады.
Дәстүрлі қолөнер түрлері бар: ауылшаруашылық жабдықтарын жасау, балық аулау, кооперация. Көркем қолөнерден зергерлік өнер, ағаш ою және кескіндеме, тоқыма, шілтер жасау, аппликациямен безендірілген былғары және үлбір бұйымдарын жасау және т.б. дамыған.[3]
Remove ads
Тұрмыс салты
Отбасылары шағын. Туыстық қатынастары ағылшындарға ұқсас. Швециядағы отбасылық құндылықтар ерекше орын алады. Отбасы мен достық қарым-қатынас көптеген дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың негізі болып табылады.
Дәстүрлі шаруа елді мекендері — бұл хуторлар мен шағын ауылдар (шоғырланған, сызықты немесе сақина тәрізді орналасқан). Швецияның солтүстік және орталық аймақтарында үш бөлмелі ағаш үй (ортасында вестибюль бар екі бөлмеден тұрады) кең таралған. Ауласында екі қабатты қора мен астық қоймасы, оюлармен безендірілген шаруашылық құрылыстары бар.
Оңтүстік Швецияда қаңқалы ғимараттар басым, тұрғын үй ортада, бүйір жағында қойма бөлмелері бар. Жылыту және тамақ пісіру үшін плита, нан пісіру үшін пеш қолданылады. Көптеген үйлерде пештен басқа ошақ бар.[4]
Remove ads

Ерлердің дәстүрлі киімі тік жағалы, кең жеңді және тоқыма зығыр жейдеден (skjort) тұрды (мерекелік және той жейделері жағасы мен манжеттерінде шілтер мен кестелермен безендірілді). Қалың жүн матадан тігілген және екі қатар түймелері бар, манжеттері және етегі бойынша әртүрлі түсті материал жиегімен безендірілген күртеше (troja, jacka), кеудеге күдеріден тігілген көкірекше (vasten), тізеге дейінгі шалбар (byxor) киді. Бастарына киіз немесе сабан қалпақ (hatt), фуражка (kaskett) немесе тоқылған жүн қалпақ киді. Аяқтарына бір түсті немесе жолақты жүннен жасалған шұлықтар киіліп, ал олардың үстіне былғары аяқ киім, бәтееңке немесе етік киген.
Эстеретланд, Даларнаның кейбір аудандарында күртенің орнына ұзын пальто (falltroja) киген. Қыста ер адамдар ұзын қой терісінен жасалған тон киді. Алыс жолға қой терісінен тігілген шалбар мен тон киген. Көктемде және күзде ұзын матадан жасалған күртелер (rock) киілді.
Көне ұзын жеңді әйелдер көйлегі (sarken, dansark, lintyg) ақ зығыр кенептен тігілді. Ол екі бөліктен тұрды: жоғарғы (overdelssark) және төменгі (nerdelssark). Көйлектің үстіне әдетте кеудеге кестеленген блузка (overdell) және матадан жасалған корсаж (snorliv) киілді. Әйелдер бір түсті жүннен немесе немесе жолақты матадан тігілген кең, ұзын белдемше (kjol) киген. Әйелдер костюмі үшін кестеленген қалтасы бар түрлі-түсті жүннен жасалған белбеу тағу міндетті болды.
Әйелдер бас киімдері — шілтерлі чепцы (Солтүстік және Орталық Швеция), орамал (Оңтүстік Швеция) және сондай-ақ тоқылған жүн қалпақ болды. Жазда әйелдер шұлықтардың үстінен аяқтарына былғары аяқ киім, тәпішке, сандалдар киді. Қыста әйелдер жазға қарағанда қалың киім, қой терісін жасалған тон киген. Күзде әдетте матадан тігілген пальто (kappa) киген.[5]
Remove ads

Күнделікті тағамдары (хюсманкост) – бұршақ сорпасы (эртсоппа), картоп қосылған шошқа еті (рутмус ме флеск), балық (фискбуллар) және ет (чётбуллар) фрикаделькасы, картоп құймақтары (роракур), құрғақ маринадталған лосось (гравлакс), маринадталған балтық майшабақ. Дәстүрлі тағамдары дәнді дақылдардан жасалынды. Мейрам күндері мейіз қосылған ботқа, алма торты, тәтті сыра, күлше түрлері дайындалады.
Дәстүрлі мерекелік тағам (Рождество, Пасха және т.б. үшін) - анчоус пен пияз қосылған картоп пісірмесі (Янссонс фрестельсе), тамызда (шаян аулау маусымы) олар шаян фестивалін өткізеді (крефтшива, негізгі атрибуттары - қағаз қалпақтар мен әшекейлер, негізгі тағам - қайнатылған шаян және арақ), Әулие Мартин күні (11 қараша) олар «Мартин қазын» (мортен гос) қуырып, жемістер мен дәмдеуіштермен қаз қанынан «қара сорпа» (свартсоппа) дайындайды.[6]

Негізгі мереке - Рождество (юль), оған дайындық 2-3 апта бұрын басталады, сыра қайнатылады, нан және ритуалды печенье (шошқа, ешкі немесе жұлдыз түрінде) пісіріледі. Рождестволық нан мен сыраның емдік қасиеттері туралы сенім сақталған. Рождестволық би кештері киінумен бірге сүйемелденеді.
Басқа мерекелерге Масленица, Пасха, Троица, Иванов күні, егін жинауға байланысты мерекелер жатады. Елдің әр түкпірінен келген адамдар жиналатын Скансен мұражай қорығы (Стокгольмде) Рождестволық жәрмеңкелерді, Жаңа жылды және Жаз ортасын мерекелеуді өткізеді.
Студенттер мен оқушылар Люция күнінде (13 желтоқсан), қыздар балы кеші өткізіліп, ең әдемісі «ханшайым» болып таңдалады. Халық ауыз әдебиеті сақталған: ертегілер, аңыздар, балладалар, әндер, әннің сүйемелдеуімен орындалатын дөңгелек билер.[7]
Remove ads
Қазақстандағы шведтер
1999 жылға дейін халық санағы бойынша шведтердің Қазақстанда тұруы тіркелмеген. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда осы этностың 24 өкілі тұрады. Соңғы санақпен атап өтілген шведтер 1940 жылы Мурманск облысынан және Карел-Фин КСР-ден қоныс аударған «шетелдік азаматтардың» (финдер,латыштар, эстондар, шведтер, литвалықтар, норвегиялықтар және т.б.) ұрпақтары болуы мүмкін. Осы болжамды растау үшін шведтердің Қазақстан облыстары бойынша қоныс аудару фактісін келтіруге болады: Атырау – 1 адам, Шығыс Қазақстан – 5 адам, Қарағанды – 2 адам, Павлодар – 2 адам, Солтүстік Қазақстан – 7 адам, Түркістан – 4 адам, Алматы қаласы – 3 адам тіркелген.
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads