Шевченко ауданы

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Шевченко ауданыҚазақ КСР-нің Гурьев облысында 1939-1963 жылдары болған аудан. Орталығы — Форт-Шевченко қаласы.

Quick facts Әкімшілігі, Ел ...

Тарихы

Шевченко ауданы 1939 жылы 16 қазанда құрылды. Құрамына Маңғыстау ауданынан Форт-Шевченко қаласы мен Қолмыш, Құлалы, Қызылөзен, Сығынды, Фетисов ауылдық кеңестері енді. 17 қазанда Маңғыстау ауданының орталығы Форт-Шевченкодан Куйбышев ауылына көшірілді.

1940 жылы 17 маусымда Маңғыстау ауданынан Долгий ауылдық кеңесі берілді.

1951 жылдың 1 қаңтарына қарай аудан құрамына Форт-Шевченко қаласы мен 7 ауылдық кеңес кірді: Долгий, Ералы, Қолмыш, Құлалы, Қызылөзен, Сығынды, Фетисов.

1954 жылы 23 шілдеде Ералы ауылдық кеңесі Сығынды ауылдық кеңесіне, Долгий ауылдық кеңесі Құлалы ауылдық кеңесіне, Фетисов ауылдық кеңесі Қызылөзен ауылдық кеңесіне қосылды. Қарақұм ауылдық кеңесі құрылды.[1]

1959 жылдың 1 шілдесінде аудан құрамында Форт-Шевченко қаласы мен 3 ауылдық кеңес болды: Қолмыш, Құлалы, Қызылөзен.

1963 жылы қаңтарда Шевченко ауданы таратылып, Ералиев кенті мен Қолмыш, Құлалы, Қызылөзен ауылдық кеңестері Форт-Шевченко қалалық кеңесінің қарамағына берілді.

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads