Шелек
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Шелек

Шелек — сұйықтық құюға, сусымалы заттарға арналған ыдыс. Пішімі цилиндр, қиық конус бітімдес, оны тасымалдау үшін жоғары ернеуінен бір-біріне қарама-қарсы бағытта тұтқа орнатылады. Шелектердің көлемі 2 л-ден 12 л-ге дейін барады. Қазақ шеберлері шелекті ағаштан, көннен жасаған. Көн теріден сыйымдылығы 2 — 4 л шелектер жасалынып, оны ұсақ малды саууға қолданған. Ал ағаш оюшылар жұмсақ, оңай жарыла қоймайтын ағашты таңдап алады да, кептіріп, ортасын шұңғыл етіп ояды. Оған құлақ бау, қайыс бау тағады. Дәстүрлі қазақ қоғамында мал сауатын шелектерге көзтас байлау, күмістеу, құрсаулау кең тараған.
Remove ads
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Автор
- Б. Хинаят
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads