Шпинат

From Wikipedia, the free encyclopedia

Шпинат
Remove ads

Шпинат — (лат. Spinacia) амарант шөптік өсімдіктерінің бір түрі. Ол жер-жерде өсіріледі. Тамаққа сабағы пайда болғанға дейінгі алынған жас жапырағы пайдаланылады. Диеталық және балалар тағамына салады, өйткені оның құрамында әр түрлі дәрумендер бар, минералды тұздар, әсіресе темір мол. Сонымен бірге шпинат организмге жақсы сіңеді: оның құрамында ұйқы және сілекей бездері қызметін жақсартатын заттар көп. Құрамындағы ақуыздың көптігі жағынан шпинат (көк бұршақ пен үрме бұршақтың жас қабығынан басқа) барлық көкөністерден асып түседі. Оның жапырағы құрамында ақуыздар, көміртектер, майлар, клетчаткалар, минералды тұздар, 8 мг % каротин (А провитами-ні), 55 мг% С дәрумені, В тобындағы витаминдер жөне басқалары бар.

Thumb

Шпинат алғашқы өнімін ерте көктемде, басқа көкөністер әлі шықпаған кезінде береді. Ол жер бетіне өңіп, шыққаннан кейін 30—35 күн өткен соң (еккенңен кейінгі 45—55 күнде) өсімдік әбден толысып, 5—6 жасыл жапырақ салған кезде жинау керек. Оны суарған соң немесе жаңбырдан кейін жинауға болмайды, өйткені бұл кезде жапырағы тым әлсіз болады да, тез сынады. Шпинатты 0°С температурада және ауаның 90% ылғалдылығы жағдайында кемінде 6 күн сақтауға болады. Шпинатты көбінде ұнтақ күйінде пайдаланады. Дәмі тұщы, сондықтан сұйық тағам әзірлеу үшін оған қымыздық қосады (Щи мақаласын қараңыз). Шпинаттан пюре әзірлеуге, оның жапырағын қуырыл, үстіне жұмыртқа қоюға болады.

Арнайы «Шпинат-пюре» консервілері шығарылады, онда шпинаттың барлық бағалы қасиеттері сақталған; бұл оны жыл бойы пайдалануға мүмкіндік береді. Шпинат салаты. Шпинат жапырағын жуып, ірі қабығын сыдырып, ұсақтал турайды. Пияз немесе көк пияз, аскөк пен жалбыз, сондай-ақ лимон шырынын, өсімдік майып және құмшекер таты мына қарай қосылады.[1]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads